Мұстафа Шоқайдың мұралары Қазақстанға жетпей жатыр

Олжас Қасым

  • 29.10.2022

Биыл ғұмырын Тұранның тұтастығына, қазақ тәуелсіздігіне  арнаған алаш ардақтысы Мұстафа Шоқайдың туғанына 132 жыл толады. Егемендіктің алғашқы жылдарынан бастап  мерзімді баспасөзде шоқайтану бағытында   терең ізденістер жасалып келеді.


Сондай іргелі жарияланымдардың басында   Әнуар Әлімжановтың «Мұс­тафа Шоқай... Ол кім?» ат­ты ма­қаласы тұр.   Одан кейін де алаш ардақтысының өмірі мен өнеріне арналған зерттеу жұмыстары жүргізіле бастады. Осылайша халық  ұзақ жыл есімдерін айтуға тыйым са­лынған тұлғалар жайында  кеңірек біле түсті. Әрине бұл әлдекімдерге  ұнай қоймағаны да рас. Әсіресе бірнеше уақыт  шындықтың жүзін бүркеп келгендер  алаштықтарға  қарсылық танытты.    Аярлардың  бірқатары  Мұстафа Шоқайдың  дүниеге келген мекенінде  оған  арналып өткізілетін шараларға бөгесін болғанын да  білеміз. Алайда, ұлт зиялысына  қара күйе  жағушылардың  теріс  әрекеттері аза­маттарды   ақтап алуға деген талпынысқа тоқтам сала   алған жоқ. 

Осыдан 7 жыл бұрын қайрат­кер­дің туғанына 125 жыл толуына орай ірі қалаларымызда  Мұстафа Шоқайға ескерткіш орнату жөнінде ұсыныс айтылған. Қызылорда қаласында ескерткіш бой көтеріп, шаһардың орталығына қойылған еді. 

 Былтыр,  қазан айында Астанадағы нөмір №51 мектеп-гимназиясына Мұстафа Шоқай есімі берілген болатын. Күні кеше  осы білім беру мекемесінде алаш қайраткерін еске алу кеші өтті. Жиынға белгілі шоқайтанушы ғалымдар мен депутаттар қатысты.  Түркиядан арнайы келген  шоқайтанушы, тарих ғылымының докторы  Әбдіуақап Қара  Тұранның тұтасуын көксеген тұлғаның мұраларын дәріптеу мақсатында айтулы жұмыстар атқарылып жатқанына тоқталды. 

«Түркияда биыл Мұстафа Шоқай кітабы шықты. Кітап келесі жылы болатын Түркия республикасының 100 жылдығына арналған.  Бауырлас елдің Мәдениет министрлігі айтулы датаға арнап, түркі дүниесінің 100 ірі тұлғасының сериясын шығармақшы. «Мұстафа Шоқай» кітабы  сол серияның алғашқы кітабы болып жарық көрді. Алаш қайраткерінің тұлғасы бүгінгі таңда бүкіл түркі дүниесінде ерекше құрметтеліп отыр»,-дейді ғалым.       

 Сондай-ақ, Мұстафа Шоқайдың құнды еңбектерін елге жеткізіп жүрген   журналист, қоғам қайраткері   Әбдіжәлел Бәкір де қайраткердің ғұмыры туралы құнды деректерді сөйлетті. Ғалымның айтуынша, М.Шоқайдың бұған дейін толымды өмірбаяны жазылмаған.     

«Мұстафа Шоқайдың 110 жылдығына бір кітап шығарғанмын. Сол еңбекте өмірбаянын жаздым. Бұл кісінің өмірбаяны толық жазылмаған. Осы ретте  Мұстафаның әйелі Мария Горинаның  атқарып кеткен бір еңбегі «Менің Мұстафам» деген бір кітап жазды. Бұл ірі тұлғаға  жасаған жақсылығы. Қиыншылықты бірге көрді, барлық жағдайда бірге болды. Мұстафа қайтыс болғанда күн көріп отырған жалғыз пианиносын сатып бейіт орнатты» деп толғанады Әбдіжәлел Бәкір.   

 Түркістан өлкесі халықтарының азаттық күресінің жетекшісі көп қудалау көрді. Отаннан опа таппаған ол қиыр жайлап, елден жырақта өмір сүрді. Бір өкініштісі – Мұстафа Шоқайдың тікелей ұрпағы жоқ. Дегенмен, жары Мария Горинаның жинақтауымен бізге оның қаншама мұрасы жетті. Олардың көбісі Қазақстанға жетпей жатыр. Ғалымдар Мұстафа Шоқайдың әлі де жарық көрмеген жүздеген мақаласы барын айтады.  Сенат депутаты,  публицист   Нұртөре Жүсіп   осы тұста біз  ескермей келе жатқан мәселелерге тоқталды. Оның пікірінше, мемлекет және қоғам қайраткерлерінің мерейтойларында ат шаптырып, той жасаудан ары аспай жатамыз.   

«Осындай шаралармен ғана өтеді. Керісінше бұл ретте «Мұстафа Шоқай оқулары» өтуі керек. Ол Қызылорданың немесе Астана қаласының жұмысы емес, жалпы қазақстандық бағыт болуы керек. Сонда ғана тарихи тұлғаларды ұрпақ жетік таниды. Олардың көтерген елдік мәселелерінен хабардар болады. Жастарға біртуар бабалардың рухы сіңеді».      

Мұстафа Шоқайдың есімін алған  мектепте Алаш арысына арналған  музей  де ашылған.   Онда  алғадай тұлғаның   өмірінен сыр шертетін  мұралар жинақталған.  Соның бірі – қайраткердің Францияда тұрған үйінің  суреті. Тың деректер арасында Мұстафа Шоқайдың өз қолымен түсірген фотосуреттері де бар.   

Байланысты жаналықтар

Армения запретила показ передач Соловьева

29.03.2024

Түркістан-Самарқан бағытында әуе рейсі ашылды

24.03.2024

Наурызнама: Бүгін - Тазару күні

23.03.2024

Туризм министрлігі мен Дүниежүзілік этноспорт конфедерациясы меморандумға қол қойды

22.03.2024

Наурыз-2024: Астанада бір тоннадан астам палау әзірленді

22.03.2024

Алматыда Наурыз мейрамы қалай өтіп жатыр

22.03.2024
MalimBlocks
Армения запретила показ передач Соловьева

В Армении запретили трансляцию авторских передач «Вечер с Владимиром Соловьевым» и «Воскресный вечер с Владимиром Соловьевым» в мультиплексе телеканала «РТР-Планета», сообщает РБК со ссылкой на заместителя министра высокотехнологической промышленности республики Авета Погосяна.

Түркістан-Самарқан бағытында әуе рейсі ашылды

Наурызнама: Бүгін - Тазару күні

Туризм министрлігі мен Дүниежүзілік этноспорт конфедерациясы меморандумға қол қойды

Наурыз-2024: Астанада бір тоннадан астам палау әзірленді

Алматыда Наурыз мейрамы қалай өтіп жатыр