Неооқырман. Көркем әдебиетті оқытудың жаңа жолы

Әдеби контентті жаңа буынға визуалды түрде ғана жеткізуге болады

Олжас Қасым

  • 16.08.2023

Талғам атаулы көбіне заманның, қоғамның ахуалына қарай қалыптасады. Қазір мотивациялық кітаптардың дүкен сөрелерінен түспей, сатылымның алдын бермей тұрғаны  сондықтан. Демек, бұл – қалтасы жұқа бұқараның тез байысам, қымбатшылықтың қамытынан құтылсам деген ойынан хабар беретін үрдіс. Сонымен қатар, оқырманның әрнені бір шоқып, интеллектуалдық деңгейінің өспегенінің көрсеткішіндей. Керісінше, көркем әдебиеттің оқылуы кемшін түсіп жатқаны байқалады. Оқырманды кітапқа жақындату үшін бұрынғы дағды, тәсілдер әлдеқашан ескіргені анық. Технология дәуірінде кітаптың алдыңғы орындарға шығуы заманға ілесетін, тың, озық әдістер арқылы жанданады. 

Мысалы, жас жазушы Салтанат Әбдіғали көпшілік жиі қолданатын әлеуметтік желілермен әдебиетті дәріптеп келеді. Ол жетекшілік ететін «Кітаптар әлемі» жобасының басталғанына үш  жылдан асқан. Қазір он мыңның үстінде тұрақты оқырманы бар. Аз уақыт ішінде кітапқа құштар оқырмандар легі қалыптасып үлгеріпті.   

«Әлеуметтік желінің көпшілікке тиімділігі жайлы ойландым. Көркем әдебиетті әлеуметтік желілер арқылы көрерменге жаңа форматта таратып, ұсынуды жөн көрдім. Әр аптада видеомен ақындардың өлеңдерін оқи бастадым. Желідегі жұрт жақсы қабылдады.  Қазір отандық өнімнен қарағанда шетелдік әдебиет дүкен сөрелерін басып алған уақыт. Қандай еңбекті оқитыныңды білмей дал боласың. Бұл ретте «Кітаптар әлемі» жобасы негізінде ютуб арнасын қолданып, тікелей эфирге шығып  оқырманға қандай кітаптарды оқу керектігіне бағыт-бағдар беріп отыр»,-дейді жоба авторы.

1500 жыл бұрын Азияда негізі қаланып, Грекия, Ресей, Индонезияда ерекше дамыған көлеңкелер театры Қазақстанда жоқтың қасы. Бүлдіршіндерді әдеби шығармалармен сусындатып, қиялын байытатын мұндай театрдың бірі  ШҚО балалар және жасөспірімдер кітапханасының ішінен құрылыпты.

Мекеме қызметкері Дана Исағұлқызының айтуынша, «үш жылға жуық уақыт ішінде көлеңке театры әр шығарылымы арқылы өз оқырмандарына қазақ, орыс тілдерінде ертегілер мен балалар ақын-жазушыларының туындыларын ұсынды. Бала тілін дамытып, оның өмірге деген көркемдік көзқарасын қалыптастыруда театрландырылған қойылымдардың маңызы зор.  Балалар кейіпкерлердің іс-әрекеттері мен мінез-құлықтарын өлең немесе ертегіден оқып қана қоймай, сахналық қойылымдарын тамашалау арқылы естеріне ұзақ сақтайды. Сондықтан да, көлеңке театры– әдеби туындыларды өнердің өзге түрлерімен ұштастыра отырып заман талабына сай нұсқада жаңаша қырынан насихаттауға арналған әрі кітапхана оқырмандары үшін өте маңызды бағдарлама»,-дейді кітапханашы.

Әлеуметтік желілерді заман ыңғайына бейімдеген Салтанат Әбдіғали әр сенбі сайын жас оқырмандарға демеушілердің қолдауымен ынталандыру сыйлығын табыстап тұрады. «Осы уақытқа дейін бірқатар кітапты оқырмандарға таныстырдым. Олардың ішінде  ақындар Тыныштықбек Әбдікәкімұлының, Айша Көпжасарованың, Дәулетбек Байтұрсынұлының жыр жинақтары, жазушылар Елен Әлімжановтың, Доқтырхан Тұрлыбековтің Сәбит Дүйсенбиевтің, Сабырбек Олжабай, Сәуле Досжанованың прозалық жинақтары бар. Жастардан ақын Оразбек Сапархан, Жадыра Байбұланова, Мерей Қарт тағы да басқа ақындарымыздың жыр жинақтарын насихаттадық. Желідегі достар жақсы қабылдап, жекеме ой бөлісіп, ұсыныс, тілектерін жазып, оқырманмен байланысымыз нығая түсуде»,-деп атқарылған жұмыстарын бөлісті.  Сонымен қатар, телеграм арнасынан балаларға арнап екі жоба бастаған. Қазіргі уақытта   қазақ тілін насихаттау мақсатында   мақал - мәтелдер, шешендік сөздер жайлы қосымша эфирлер жүргізіп жүр.   

Ал тың жоба көлеңкелер театры халық және әлем ертегілері мен Абай, Ыбырай Алтынсарин сынды классиктермен қатар,  Қуат Адис, Қалқаман Сарин, Серікбол Хасан, Ернұр Сейдахмет сынды қаламгерлердің шығармаларынан қойылым ұсынған.

Жоба авторлары әдеби контенттерді жаңа буынға визуалды түрде ғана жеткізуге болатынын айтады. Өкінішке қарай, мұндай өнімдер қазнетте саусақпен санарлықтай.  

 

 

Байланысты жаналықтар

Астанада Герольд Бельгердің жаңа кітаптары таныстырылды

15.11.2024

Кітап оқудың парқы

04.11.2024

Жаңа роман жарық көрді 

30.10.2024

Том-том жарысты кім тияр?

21.10.2024

Суицидке шақыратын 43 интернет-ресурс анықталды

01.10.2024

«Дрина көпірі»: шығыс пен батыс қақпасы

11.09.2024
MalimBlocks
Астанада Герольд Бельгердің жаңа кітаптары таныстырылды

Кітаптар еліміздің кітапханаларына таратылады

Кітап оқудың парқы

Кітап адамды ой түзуге үйретіп, мейірімділікке шақырады. Көзді ашады, оқығанды жақындастырады. Білгенімізге жаңа білім қосып, жадты жаңғыртуға көмектеседі.

Жаңа роман жарық көрді 

Том-том жарысты кім тияр?

Ептілер жазушы еңбегін әділ бағалаудан гөрі ебін тауып екі асағаннан аса алмай келеді

Суицидке шақыратын 43 интернет-ресурс анықталды

Ішкі істер министрлігі әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі күмәнді ойындарды тексереді

«Дрина көпірі»: шығыс пен батыс қақпасы

Империялардың саяси ұрандары ілініп, тәртіп пен заң жайындағы қауесеттер алдымен көпірге естіледі