Қарақалпақтар Қазақстаннан неге кетті?

Қарақалпақ пен қазақ қаншалықты жақын? Неге бөлінген?

  • 01.07.2022

Қарақалпақ – өз алдына бөлек халық

Өзбекстан жаңа конституиясының жобасын жарияланғалы қарақалпақ халқы жиі-жиі үндеу жасап, қарсылық көрсетіп жатыр. Оның мәні Өзбекстан конституцияның 70, 71, 72, 74 және 75 баптарында Қарақалпақстанның жаңа статусы көрсетілді. Бұрын Қарақалпақстан «егеменді республика» болса, жаңа конституцияда бұл сөздер сызылып тасталған.

«Қарақалпақстан бүкілхалықтық референдум арқылы өз алдына тәуелсіздік алып, бөлініп шығу мүмкіндігінен айрылды» деген ақпарат тарағалы Қазақстанда да әлеуметтік желі арқылы ара-тұра қарақалпақ ұлтының қазаққа жақын екені, тіпті, бір халық екені жайлы айтып, «оны өз құрамымызға қосып алайық» деген сынды сөздің шеті шығып қалып жатыр. Мұның ақылға сиымсыз екені туралы жазған қарсы жазбалар да бар. Қарақалпақты қойып, ноғайды да қатарымызға алып, ассимиляциялап, қазақ жасап алайық деген де «бастамалар» бар.

Әлбетте, ешқандай халық өзге елге сіңіп, басқа ұлт болып кетуді қаламайды. Қарақалпақ та солай. Олардың қазаққа жақын екені олардың қазақ болғысы келетінін білдірмейді. Қазіргі Өзбекстандағы жағдайға байланысты «ұлттық геноцид жүріп жатыр, сол себепті біз Ресейдің немесе Қытайдың құрамына қосылуға қарсы емеспіз» деген көзқарастағы диссидент қарақалпақтар да бар. Бірақ, бұл да жалпы халықтың қалауы емес. Жалпы халықтың қалауы – тәуелсіздік алу.

Тілі, салт-дәстүрі жағынан қазаққа ең жақын ұлт – ноғай мен қарақалпақ дегенді жиі естиміз. Қарақалпақ қандай халық? Бізге қай жерден қосылады, қай тұстан бөлінеді? Осыдан екі жыл бұрын Бағашар Тұрсынбайұлына сұхбат берген тарихшы Уахит Шәлекеновтің сөзі тарихи және бүгінгі жағдайға байланысты ең дұрыс жауап болатын сияқты. Ғалым Алтын Орда дәуірінде қалыптасты дейді. Қазақтың ұлт болып ұйыса бастауы да осы кезеңге тура келеді. Демек, екі ұлт та қатар қалыптасып, қатар қоныстанған, бірақ, әу бастан-ақ қазақтың өрісі кеңірек болғанға ұқсайды. Ал, қарақалпақтардың тағдыры көп жағдайда қыспақ пен қысас астында өтіпті.

«Қарақалпақстанда оқыдыңыз, жұмыс істедіңіз. Осы екі ұлт қаншалықты жақын бір біріне?» деген сұраққа академик:

«Қарақалпақ – түрік халықтарының бірі. Тіл жағынан, әдет-ғұрпы жағынан қазаққа ең жақын халық. Бірақ, өз алдына бөлек халық. Бір халық екінші халықтан қалай айырылады? Қалай ажырасады? Өзінің ерекшелігімен: біріншіден, тіл ерекшелігі болу керек; екіншіден, әдет-ғұрып, салт-сана ерекшелігі болуы керек. Міне, осындай ерекшеліктер арқылы халықтар бөлінеді.

Түрік халықтары көп қой, бірақ, соның ішінде қазаққа ең жақыны қарақалпақ. Неге? Себебі қарақалпақтың халық болып қалыптасқан кезі – Алтын Орда уақыты. Бұл Әмударияның орта ағысы, осы күнгі Шымкент, Қызылорда облысының жері. Сырдарияның бойы. Сол жерде қарақалпақ халық болып қалыптасқан. Жоңғарлармен соғыста бұлар да ақтабан шұбырындыға ұшыраған. Қазақтар сияқты. Сөйтіп, Сырдың бойындағы қарақалпақтар екіге бөлінген: жоғарғы қарақалпақтар, төменгі қарақалпақтар. Сырды жағалап, азырақ бөлігі анау Наманган, Ферғана жаққа қарап, жоғары көшкен, көпшілігі Сырдың ағысымен Арал теңізіне қарай көшкен. Осы төмен көшкендер кейін қазақтармен бірге жасап тұрған уақытта Хиуа ханы жаулап алып, осы күнгі жеріне айдап барып, Әмударияның төменгі жағына орналастырған. ХІХ ғасырда. Солар қазір қарақалпақ болып отыр.

Ал жоғарғы қарақалпақтар саны аз болған соң, өзбектердің ортасына түсіп, өзбектеніп кетті. Мен олардың ортасында 60 жылдары болдым, экспедициямен, олардың түстері де, әдет-ғұрпы да өзбектеніп кеткен. Бірақ «руымыз қарақалпақ» дейді. «Ұлтымыз өзбек» дейді. Олар Наманганда, Ферғанада, Әндіжанда жасайды. Сөйтіп Сырдың төменгі ағысындағы қарақалпақтар өзінің бұрынғы халқының атын сақтап қалған. Сол жерде өзбек, қазақ, қарақалпақ болып қатар күн кешіп жатқан. Совет өкіметі уақытында бұларға «автономиялы республика» деген атау берген. 1924 жылдан 1930 жылға дейін автономиялық облыс болып, Қазақ автономиялы республикасына қараған. Голошекин «біз мақта еге алмаймыз, олар мақта егеді, сондықтан Өзбекстанға берейік» деп, қоймай жүріп, ақыры Қазақстаннан алып РСФСР-ға қосып жіберген. 1930 жылдан 1936 жылға дейін жаңа конституция қабылданғанша. Жаңа конституция қабылданған соң, РСФСР-дан алып Өзбекстанға қосады. Содан бері Өзбекстанның қарауында жасайды».

Байланысты жаналықтар

Тоқаев Майра Ілиясованы 70 жас мерейтойымен құттықтады

02.05.2025

Халықаралық "Алаш" әдеби сыйлығының иегерлері анықталды

29.04.2025

Қожа Ахмет Ясауи кесенесіндегі қабірхана есігі көпшілікке қайта қойылды

24.04.2025

Журналист Серғазы Мұхтарбек өмірден өтті

24.04.2025

Елордада Astana Eurasian Book Fair халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі басталды

23.04.2025

Дархан Мыңбай: Сурет өнерінің де тарихы бар

17.04.2025
MalimBlocks
Тоқаев Майра Ілиясованы 70 жас мерейтойымен құттықтады

Министр Аида Балаева Халық әртісі Майра Ілиясоваға Мемлекет басшысының арнайы құттықтауын жеткізді

Халықаралық "Алаш" әдеби сыйлығының иегерлері анықталды

"Алаш" халықаралық әдеби сыйлығы Қазақстан Жазушылар одағы басқарамасы Секретариатының шешімімен жыл сайын табысталатын марапат

Қожа Ахмет Ясауи кесенесіндегі қабірхана есігі көпшілікке қайта қойылды

Журналист Серғазы Мұхтарбек өмірден өтті

Ол республикалық "Қазақстан" газетінің бас редакторы болған

Елордада Astana Eurasian Book Fair халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі басталды

Дархан Мыңбай: Сурет өнерінің де тарихы бар

Еліміздің 100 суретшісінің танымал еңбектерін арнайы шығарып, барлық мектептерге тарату қолға алынса құба құп