Қазақстандық жастар креативті индустрияға үлес қоса бастады

Қазақстандық жастар креативті идеяларымен коммерциялық жобалар жасап жүр.

Malim Админ

  • 21.10.2023

Қазақстандағы жастар саясатындағы жіті назар аударылып отырған бір бағыт – ол жаңа буынның шығармашылық, интеллектуалдық потенциялын ашу. Оны ел игілігі жолында жұмсау.  Осы тұста атап айтуымыз қежет, ел жастары үшін білек сыбанып кірісетін ауқымды саланың бірі – креативті индустрия.  Аталмыш сектор ілгері басар болса, ел қазынасына қыруар қаржы түспек.  Индустрияның бұл тармағының жалпы ішкі өнімге тигізетін үлес салмағы тіпті бір процентке де жуықтамайды екен.  Сонымен бірге, еңбекпен қамтитын мекемелер мен орталықтарға қосар үлесі тым аз. Ендігі кезекте елімізде осы салаға мықтап күш салынады. Яғни зияткерлік жұмыстарды заңдық тұрғыда қорғау іске асады. Атап айтқанда,aқпaрaттық технологиялap, дизайн, мyзыкa, медиа, білім, кинематография тәрізді индустрияның креативті бағыттары отандық экономиканың алға басуына тиімді әсер етеді. «Креативті экономика» дегеніміздің өзі шығармашылық еңбек арқылы қазынаға пайда түсіру.   Қазақстандық жастар креативті идеяларымен коммерциялық жобалар жасап жүр.

 Мысалы, еліміздің мақтаныштары Димаш та, Иманбек те әлемді талантымен мойындатты. Айталық,  Димаштың  Алматыдағы концертіне 68 елден фанаттар келген.   Өнер кешінен   1 миллиард теңге пайда түскен. Келген қонақтар тек музыка тыңдап қайтпай, туристік орындарды аралайды, қонақүйлерге тоқтайды, елдің мәдениетімен танысады.  Міне, өнер арқылы экономиканы дамыту деген осы.

Сондай іргелі жұмыстардың бірі Республика күні қарсаңында ютуб желісінде жарыққа шыққан Шырақ мультфильмі. Туынды аз уақыттың өзінде-ақ90-ға тарта кинофестивальге қатысып, әлем елдерінің ықыласына бөленді. 3д технология арқылы жасалатын мұндай анимациялық фильмдер жастардың креативті идеясының нәтижесі.

Режиссер Мейіржан Сандыбайдың авторлығымен жасалған «Шырақ» туындысы жақында көрерменмен қауышқаны белгілі.Мультхикаяныңайтар ойы  — отбасы бірлігін сақтау, өзара ынтымақ және сыйластыққа сызат түсірмеу.«Қазіргі таңда «Шырақтан» бөлек, америкалық серіктестерімізбен «голден тайтс» деген ойынға көркемдік шешім ойластырумен айналысудамыз. Ойынның ішіндегі кейіпкерлер, қоршаған орта, олардың қимыл-қозғалыстары анимациясы осы«ARA» студиясындағы қыздар мен жігіттердің қолынан шығып жатыр»,-дейді жобаның негізін салушы.

Ал, елордалық танымал мүсінші Сырым Мүсірепов қиялынан туған еңбектерін коммерциялық жобаға айналдырып үлгерген.  Оның қолынан шыққан таңғажайып мүсіндер  дүние жүзіне кеңінен тарала   бастады.  Жуырда өзінің көрмесін ашып, жеке еңбектерін көпшілік назарына салуды жөн деп тапқан. 

«Мұндай жеке шығармашылық көрме бұрын соңды Қазақстанда болмаған деп айтуға болады.   Ол  бір жылға дейін жалғасын табады.  Мәдени өнерімізді барша әлемге танытқым келеді. Төл мәдениетімізді насихаттау барысында оны жаңа форматтарда ұсыну қажет.  Оны креативті   индустрия ретінде нарыққа шығаруға күш салудамын.  Себебі, бұл бағыт таңсық әрі  тың.  Менің миссиям - қонақ үйлер мен  мәдени, кәсіптік ғимараттарды әрлеу.  Архитектурамен тығыз байланыстағы  үлкен монументалды креативті дүниелер ойлап табу. Әлемдік нарықта өз шикізатымызды өндіріп шығару»,-дейді мүсін өнерімен айналысатын Сырым Мүсірепов.  

Еліміз тың идеясымен дараланған  жастардан кенде емес.  Президент те  индустрияның аталмыш түріне басымдық беріп келеді.  Биыл жастарға табысталатын «Дapын» сыйлығына бірінші мәрте  «Креативті қызмет» номинациясы қосылып отыр. Себебі,  бұл – игере алсаң, тұтас бір елдің экономикасын дөңгелететін алып күш деуге болады.

Елордалық Ақтоты Сматова жасаған айти стартап медициналық қызмет көрсетуді жеңілдетеді. Яғни, зертханалық диагностикадан өту үшін ауруханаға барудың қажеті жоқ. керекті анализдерге сайт арқылы өтінім қалдыру керек. 1 сағатта көрсетілген мекен-жайға медбике келеді. Платформаның бір артықшылығы  -  қолданушылардың уақытын үнемдеп, емханадағы ұзын-сонар кезекті азайтады. Аталған сервис арқылы 3000-ға жуық адамға қызмет көрсетіліп, 10 000-нан астам сараптама жасалған. Зертханаларда еңбек ететін  медбикелердің жұмыс өтіліне баса назар аударылады. Өйткені, жедел медициналық диагностика өткізу аурулардың алдын алуға мүмкіндік береді.  Сандық зертхана Астана, Алматы қалаларында жұмыс істеп тұр. Алдағы уақытта еліміздің барлық өңірін қамту жоспарланып отыр.   

  Ал, жас аниматор Аружан Ұнарбекова  ерекше анимацияларымен қалың көпшілікті таң қалдырудан жалықпайды. Әр мейрам сайын планшетпен салған суреттері Тик токта миллионнан астам қаралым жинап жүр. Қазір Шетелден де жиі тапсырыс түседі екен.

Аниматор Аружан Ұнарбековаадамның ақыл ой еңбегі жоғары бағасын алуға тиіс деген пікірде. «Соның нәтижесінде бізде де креативті идеялар туындап жатыр. Президентті, тарихи тұлғаларымызды оның ішінде Әлия Молдағұлованы, Абай Құнанбайұлын, Бауыржан Момышұлын басқа да бейнелерді салдым. Біздің халық өте әдемі ғой.  Әлемге қазақтың сұлу екенін, тарихымыз бен мәдениетіміздің құндылығын танытқым келеді» -деп атқарған жұмыстары және  көздеген жоспарларымен бөлісті. 

Қазақстандағы «креативті индустрияны» дамытатын идея да, оны жүзеге асыратын дарын иелері де жетерлік. Жастар бар дүниені сатып үйрену керек дейді. Сол кезде бұл салада әлеммен тереземіз тең болады.

Байланысты жаналықтар

Креативті индустрияны дамытуға қатысты жаңа нормалар енгізіледі

13.11.2024

Аида Балаева: Салықты жеңілдету шығармашылыққа серпін береді

10.01.2024
MalimBlocks
Креативті индустрияны дамытуға қатысты жаңа нормалар енгізіледі

Заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды

Аида Балаева: Салықты жеңілдету шығармашылыққа серпін береді