Креативті индустрияны дамытуға қатысты жаңа нормалар енгізіледі

Заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды

Malim Админ

  • 13.11.2024

Бүгін Мәжілісте «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне ақпарат, қоғамдық даму, мәдениет және архив ісі салаларындағы нормалардың артық заңнамалық регламенттелуін болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды. 


Заң жобасын таныстырған Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Мемлекет басшысының 2022 жылғы Жарлығына сәйкес ақпарат, қоғамдық даму, мәдениет және архив саласына бірқатар өзгерістер енгізілгеніне тоқталды.

«Бұл заң жобасы негіздемелік сипатта 3 үлкен бағытты қамтиды. Бірінші, саланы реттейтін ұзын саны 9 заңға өзгерістер енгізіп, осыған орай олардың мақсатын, міндеттері мен принциптерін қайта анықтайды. Екінші, министрліктің құзыретін заңнамалық тұрғыдан шамадан тыс реттеу мәселесін шешеді. Атап айтқанда, бұрын заңнамаға министрлік мойнындағы міндеттерді, соның ішінде ішкі процедураларға және басқа мемлекеттік органдармен қарым-қатынас мәселелеріне қатысты нормалар ендігі жерде министрліктің ережесімен реттелетін болады», - деді Аида Балаева Мәжілістің жалпы отырысында.

Министр айтқан үшінші маңызды жайт, креативті индустрия өкілдеріне мемлекеттік қолдау шаралары.

«Бүгін ұсынылып отырған заң жобасы креативті өндірісті қолдаудың нақты шараларын көздейтін мемлекеттік саясатты анықтайтын өзгерістерді ұсынады. Мәселен, Үкіметке осы саясатты жүргізу және осы саланы дамытуға жауапты заңды тұлғаларды анықтау сияқты нақты құзырет беруді көздейді», - дейді ведомство басшысы. 

Ведомство басшысының мәлімдеуінше, аталған заң жобасы алдарыңызға келмес бұрын тиянақты түрде сараптамадан өтіп, барлық мүдделі тараппен талқыланды.

Фото: Gov.kz 

Байланысты жаналықтар

Кәсіпкерлер "Ulttyq ónim" көрмесінде өз жетістігін паш етті

17.05.2025

Қостанай өңірінде заңсыз иеленген ауыл шаруашылығы жерлері мемлекетке өтті

17.05.2025

Бектенов сарапшылармен экономиканың даму мәселелерін талқылады

17.05.2025

Президент тапсырмасының орындалуы: Ауыл шаруашылығы инновациялық технологияларға негізделеді

17.05.2025

Түркістан облысының тәжірибесі өзге өңірлердің қызығушылығын арттырып отыр

16.05.2025

Министр қыз алып қашқандарды 7 жылға дейін соттауды қолдады

16.05.2025
MalimBlocks
Кәсіпкерлер "Ulttyq ónim" көрмесінде өз жетістігін паш етті

Қостанай өңірінде заңсыз иеленген ауыл шаруашылығы жерлері мемлекетке өтті

Бектенов сарапшылармен экономиканың даму мәселелерін талқылады

Президент тапсырмасының орындалуы: Ауыл шаруашылығы инновациялық технологияларға негізделеді

Жасанды интеллект пен Big Data-ны пайдалану арқылы егістік алқаптары мен мал шаруашылығын тиімді басқаруға мүмкіндік туды

Түркістан облысының тәжірибесі өзге өңірлердің қызығушылығын арттырып отыр

Болашақта жоба кеңейтіліп, 308 млрд теңге инвестиция тарту жоспарланған.

Министр қыз алып қашқандарды 7 жылға дейін соттауды қолдады