Тасадағы таланттарды танытқан инклюзивті театр

Екі жыл ішінде мәдени ошаққа 40-қа тарта актер қабылданған.

Malim Админ

  • 17.10.2023

Орталық Азия елдерінің ішінде Қазақстанда тұңғыш бой көтерген «Қанаттылар» театрының дербес шаңырақ болып құрылғанына биыл тұп-тура екі жыл толды. Өнер ошағы арқылы бүгінге дейін тасада жүрген талант иелері дүр сілкініп, бойын кернеген өнерін көрерменге жеткізуге мүмкіндік алып отыр. Ерекше жандардың басын бір жерге тоғыстырып, дарын-қабілетіне серпін берген мәдени мекеменің бағындырған белесі көп.  Мүмкіндігі шектеулі жандарды шығармашылық тұрғыда оңалтуды көздеген өнер ордасы кездескен қиындықтарға мойымай, ойға алған жоба-жоспарларын халық алдында іске асырып келеді. Театр алғаш патша көңілді көрерменді белгілі қаламгер, айтулы ақын Гүлнар Салықбайдың өлеңмен жазылған пьесасымен қарсы алған болатын. Мәдени ошақтың атауымен сәйкес келетін «Қанаттылар» драмасы көпшіліктің құштарлығын оятып, өнер айдынына құлаш ұрған әртістерге де сарқылмас шабыт сыйлаған-тын.

Инклюзиялық өнер шаңырағының негізін қалаушы Арнұр Ысқақұлы кәсіби актер емес. Медицина мамандығы бойынша білім алған ол арбаға таңылған соң басқа да салаларда еңбек етуіне тура келді. Телевизияда журналист, партияларда түрлі қызмет атқарған. Дегенмен, бойындағы өнерге деген алғаусыз құштарлық оны осындай ерекше театр ашуына себепші болды.

Екі жыл мерзім аралығында мәдени ошаққа 40-қа тарта актер қабылданған. Театр ашылған 2021 жылы 18 азамат іріктеу жүйесі бойынша жұмысқа алынған болатын. «Киелі сахнада көрерменмен байланыс орнатып, лайықты өнер көрсету үшін  мол энергия,  төзімділік,  күш-жігер қажет. Осы бағытта ізденісін  тоқтатпайтын,  жауапкершілігі зор,  театр өнеріне жан-тәнімен берілген  зейінді де, жетелі  өнерпаздарды  бір арнаға  тоғыстыруға күш салдық. Сол себепті  талантты қыз-жігіттердің  өнерін  сахнадан көру  халыққа ерекше көңіл-күй сыйлайлы деп ойлаймын»,-дейді театр труппасының жетекшісі Арнұр Ысқақов.  

2021 жылдан бері  жас әртістер  бекзада өнердің  қыр-сырына бойлап,  еңбекақымен де қамтылған.  70-80 мың мөлшерінде айлық алыпп тұрады.   Президент айтатын инклюзиялық орта қалыптастыруға деген ұмтылыс осыдан-ақ көрінеді.  «Физиологиялық ерекшелігі бар, театр әлеміне құштар  азаматтарды әзірше    «Қанаттылар» театры   ғана  қызметке қабылдайды.  Өзім қатарлы жастардың  болмысында айтарлықтай  өзгеріс болды деп  айта аламын. Бұрын өз әлемінде жүрген    азаматтардың екінші тынысы ашылып,   үлкен арман-мұратқа құлаш ұрды.  Дегенмен, 2  жыл аз ғана мерзім. Театр  қоғамды стереотипсіз қабылдауға бағыттады»,-дейді актер Арман Қарынсауұлы.

Елордалық  инклюзивті театр актерлерінің  барлығының дерлік кәсіби білімі жоқ.  Ерік күші, өнерге деген тұнық махаббатымен еңбек етіп келеді.  Ендігі мақсат – талантты жастардың кәсіби білім игеріп, қолына университеттің дипломын алуы.  Театр директоры А.Ысқақов   осы бағытта дербес каффедра құрылса деген ұсынысын жеткізді. 

«Алматыда Жүргенов есімін иеленген академия, бас қалада «Шабыт» университеті өнер адамдарын даярлап шығарады. Оқу орындарының ішінен мүмкіндігі шектеулі азаматтарға бағытталған кафедра мәселесін қарастыратын уақыт жетті. Неге десеңіз, әрбір қойылым сайын актерлерімізді  басынан аяғына дейін үйретіп шығамыз. Ал бұл жұмыс  ұзақ уақытқа созылатыны белгілі. Өзге елдерде, мәселен, Ресей, Италия, Франция қатарлы мемлекеттерде     ерекше санаттағы жандарды  кәсіби біліммен қамтитын   актерік кафедралар бар. Оқу орындары жұмыс істеуде,    әдістемелік бағыттағы  оқулықтары да жеткілікті. Осы тәжірибені біздің елде де жүзеге асырсақ жақсы болар еді.  Мүгедектігі бар жастар сонда  шығармашылықпен  алаңсыз айналысар еді»,- деген пікірде. 

Осы уақытқа дейін өнер ұжымы өнерсүйер қауым назарына «Қанаттылар» драмасынан кейін жазушы Роза Мұқанованың «Қызжылаған» пьесасын, «Үй таңдаған лақ» ертегісін, мелодрама жанрындағы «Өмір-ғайып» туындысын ұсынып үлгерді.

Инклюзивті театр жетекшісі мәдени ошақтың мүмкіндіктерін әлі де кеңейткісі келеді. Үкімет тарапынан қолдау жасалса мемлекеттік мекеме болып құрылуды көздейді. «Өз алдына жеке статус алсақ, қызметкерлер санын еселеп,  қажетті ресурстардан таршылық көрмес едік дейді ол.  

Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы елімізде  инклюзиялық қолдау шараларын тез арада қолға алуды, ізгі қоғам құруды тапсырғаны мәлім. Яғни физиологиялық ерекшелігі бар тұлғалардың қажеттілігін өтеудің маңызын түсінетін кез жеткенін шегелеп айтты. Қазақстан мүгедек азаматтардың құқықтарын іске асыруға және көтермелеуге, оларды қоғамның бөлінбес бөлшегі етуге бағытталған шараларды дәйекті түрде қабылдамақ.  


 


 

Байланысты жаналықтар

Жақып Омаров: Қазақ театр өнерінің қаһарман ұлы

07.11.2024

Елімізде балалар мен жасөспірімдерге арналған театр студиялары ашылмақ

04.10.2024

Елордада Мұхтар Әуезов ескерткіші ашылды

29.09.2024

Қазақ ұлттық опера және балет театры 91 маусымын бастады

29.09.2024

Танымал театр актері өмірден өтті

10.09.2024

"Түбіме жететін шығар". Актриса Дариға Бадықова оқырмандарына жан сырын ақтарды

05.07.2024
MalimBlocks
Жақып Омаров: Қазақ театр өнерінің қаһарман ұлы

Биыл көрнекті режиссердің туғанына 85 жыл

Елімізде балалар мен жасөспірімдерге арналған театр студиялары ашылмақ

Елордада Мұхтар Әуезов ескерткіші ашылды

Ескерткіш «Қаллеки» театрының алдына қойылды

Қазақ ұлттық опера және балет театры 91 маусымын бастады

Жаңа маусым «Абай» опералық спектаклімен ашылды

Танымал театр актері өмірден өтті

Ол М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрында қызмет еткен

"Түбіме жететін шығар". Актриса Дариға Бадықова оқырмандарына жан сырын ақтарды

Актриса өзін аңқау деп ойлап, алдауға даяр тұратындарға жауап берді