457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Алматы тұрғыны дәрі егілгеннен кейін комаға түсті

Дәрігерлер аллергиялық сынама жүргізбестен тамшылатқыш қойған

Алматыда «Жас қанат» шағынауданындағы №28 емхананың күндізгі бөлімінде инъекция алған 46 жастағы әйел Толқын Әжібекова комаға түсті. Бұл туралы Malim.kz Kazinform-ға сілтеме жасап хабарлады.


Жәбірленушінің күйеуі Әрсен Дүйсенбековтің айтуынша, әйеліне медицина қызметкерлері аллергиялық сынама жүргізбестен тамшылатқыш қойған. Инъекциядан кейін ол есінен танып, 3 маусымнан бері №4 ауруханада ауыр жағдайда жатыр. Қазір әйел жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Емхана өкілдері оқиғаға байланысты түсініктеме беріп, пациентте анафилактикалық шок сынама препаратынан кейін болғанын айтты. Олардың сөзінше, сынама клиникалық хаттамаға сай жүргізілген, ал пациент ақпараттандыру парағына қол қойып, дәрі-дәрмектерге аллергиясы жоқ екенін көрсеткен.

Науқастың күйеуі полицияға арыз түсірген. Алматы қалалық Полиция департаменті тергеу басталғанын, іс материалдары Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетіне жолданғанын хабарлады.

Түрксіб аудандық полиция басқармасының тергеу бөлімі аталған дерек бойынша тергеу амалдарын бастады. Қазір медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментіне іс материалдары жолданды. Олардың ұйғарымы бойынша, егер дәрігердің қателігі дәлелденетін болса, ҚР Қылмыстық кодексінің 317-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тиісті сараптамалық зерттеулер жүргізілетін болады, - деп түсіндірді Алматы қалалық Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Егер дәрігерлік қателік дәлелденсе, іс ҚР ҚК 317-бабы бойынша қаралады.

Фото: pexels.com

 

Бұл туған күн емес, өлген күн - авиация маманы
Аналитика
|
09.06.2025 14:20
2025-06-09 14:20:00

Ең көп оқылған