Денсаумин Қазақстандағы Covid-19 жағдайына байланысты мәлімдеме жасады

Сұлу Бөлек

  • 18.05.2025

Министрлік мәліметінше, елде коронавирус инфекциясына байланысты эпидемиологиялық жағдай тұрақты, - деп хабарлайды Malim.kz. 

Денсаулық сақтау министрлігі елдегі сырқаттану пен әлемдегі эпидемиологиялық жағдайға апта сайын мониторинг жүргізеді. 

2025 жылдың басынан бері жалпы 329 расталған жағдай тіркелді, ешкім қайтыс болған жоқ. Былтырғы кезеңімен салыстырғанда сырқаттану 3,7 есеге азайған. Республика бойынша аптасына 25 жағдайға дейін тіркеледі. 

Инфекциялық төсек жүктемесі – 27%, реанимациялық төсек-орындар – 2%, сондай-ақ стационарларда коронавирус инфекциясымен 2 науқас ем қабылдап жатыр, олардың жағдайы орташа ауыр. 

Қазақстанда да 2022 жылы алғаш анықталған Омикрон нұсқасының штамдары жүр.

Омикрон нұсқасы 30-дан аса мутацияны қамтиды, бірақ ауру жеңіл өтеді, сондықтан стационарлық емдеу қажет емес. Аурудың негізгі симптомдары – жоғарғы тыныс жолдарының зақымдануы, мұрынның бітелуі, тамақтың ауыруы, жөтел.

Басқа елдерде сырқат саны өсіп келе жатқанын ескеріп,  Денсаулық сақтау министрлігі келесілерді ұсынады:

 • жіті респираторлық инфекциямен ауыратын адамдармен тығыз қарым-қатынастан аулақ болу;
 • қолды, әсіресе науқаспен тікелей байланыстан кейін жиі жуу;
 • үй-жайларды тұрақты түрде желдету;
 • ауру симптомдары байқалған жағдайда медициналық көмекке жүгіну.

Фото: Денсаулық сақтау министрлігі

Байланысты жаналықтар

Емханаға түскен Берденовтің денсаулығы қалай? Министр жауап берді

29.04.2025

Маңғыстауда оқушылар уланды: министрлік бақылаудың жаңа тәсілдерін әзірледі

27.04.2025

Павлодар-Астана жолындағы көлік апаты: Балалардың құқықтарын қорғау комитеті мәлімдеме жасады

19.04.2025

Қазақстан мен Словения президенттері бірлескен мәлімдеме қабылдады

31.03.2025

Онкологиялық тексерістен кімдердің тегін өтетіні белгілі болды

30.03.2025

COVID-19 вирусының неден тарағаны анықталды

20.09.2024
MalimBlocks
Емханаға түскен Берденовтің денсаулығы қалай? Министр жауап берді

Маңғыстауда оқушылар уланды: министрлік бақылаудың жаңа тәсілдерін әзірледі

Павлодар-Астана жолындағы көлік апаты: Балалардың құқықтарын қорғау комитеті мәлімдеме жасады

Қазақстан мен Словения президенттері бірлескен мәлімдеме қабылдады

Қазақстан мен Словения президенттерінің келіссөздер қорытындысы бойынша бірлескен мәлімдеме қабылданды

Онкологиялық тексерістен кімдердің тегін өтетіні белгілі болды

Скринингтен өту керектігі жайлы медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдары пациентке қоңырау салу, SMS жолдау арқылы хабарлайды

COVID-19 вирусының неден тарағаны анықталды

АҚШ, Ұлыбритания, Франция және басқа елдердің ғалымдары COVID-19 вирусының неден тарағанына қатысты зерттеу жүргізген