25 маусымда кей өңірінде аптап ыстық болады

Синоптиктер 2025 жылғы 25 маусымда Қазақстанда ауа райы қандай болатынын болжады, деп хабарлайды Malim.kz.
"Қазгидромет" РМК деректеріне сүйенсек, сәрсенбі күні күндізгі уақытта аптап ыстық болады.
Алматы және Жетісу облыстарында – +35…+39°С дейін;
Жамбыл облысында – +38°С дейін;
Түркістан облысының батысы мен шөлді аймақтарында – +41°С дейін.
Сондай-ақ Алматы облысының солтүстігі, батысы, орталығында және Жетісу облысының оңтүстігі мен шығысында күндіз +42°С дейін өте қатты ыстық болады деп болжанып отыр.
"Республиканың басым бөлігінде циклон мен оған байланысты атмосфералық фронттардың әсерінен ауа райы тұрақсыз болады: жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, батыс, солтүстік-батыс, шығыс пен орталықта нөсер жаңбыр жауады, бұршақ түсіп, дауыл соғуы мүмкін. Ел аумағында жел күшейеді. Солтүстік-батыс пен солтүстікте түнде және таңертең тұман түседі", - делінген "Қазгидромет" хабарламасында.
Фото: pixabay.com


Ең көп оқылған
