457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

27 тамызда 7 өңірде қатты ыстық болады

Бір өңірде ауа температурасы +40°С-қа дейін жетеді. Елдің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы болжанады

Сәрсенбі, 2025 жылғы 27 тамызда, Қазақстанның жеті облысында қатты ыстық болады. Бір өңірде ауа температурасы +40°С-қа дейін жетеді. Елдің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы болжанады. Тек батыс пен солтүстікте жаңбыр жауады, деп хабарлайды Malim.kz.

"Қазгидромет" РМК деректеріне сәйкес, күндіз қатты ыстық күтіледі:

Ақтөбе облысының оңтүстігі мен шығысында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Ұлытау облысының батысында, Алматы облысында, Жетісу облысында – +35…+37°С дейін;

Маңғыстау облысында – +38°С дейін;

Қызылорда облысында – +40°С дейін.

"Батыс антициклонның әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Тек батыс пен солтүстікте атмосфералық фронттардың өтуімен найзағайлы жаңбыр жауады, бұршақ түсуі мүмкін. Республика бойынша жел күшейеді, батыс пен оңтүстікте – шаңды дауыл, батыс пен солтүстікте түнде және таңертең – тұман болады", - делінген болжамда.

Фото: pixabay