457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Әр қазақстандық жылына қанша келі қоқыс тастайды?

Әлемде бір адам жылына орта есеппен 270 келі қоқыс шығарады, - 

деп хабарлайды Malim.kz.

2024 жылы үй шаруашылықтарынан жиналған қоқыс көлемі 1 985 620 тонна болып, 2023 жылмен салыстырғанда 77 117 тоннаға азайған. Бұл туралы "Чёрный лебедь, рак и щука" Telegram-арнасында айтылды. 

2023 жылы адам басына шаққанда орта есеппен 103,0 келі қоқыс тиесілі болса, 2024 жылы бұл көрсеткіш 97,9 келі болды. Бұл – мемлекеттік органдар есептеулерінде қолданатын Ұлттық статистика бюросының деректері.

Статистика бойынша ең көп қоқыс шығаратын өңір – Ұлытау облысы (239,6 келі). Екінші орында – астаналықтар (170,2 келі, 2023 жылы – 108,9 келі). Үшінші орында – Шымкент қаласы (164,6 келі).

Ең аз қоқыс шығаратындар – Жетісу облысының тұрғындары (жылына адам басына шаққанда 23 келі), Қызылорда облысы (26 келі) және Жамбыл облысы (34 келі).

Әлемде бір адам жылына орта есеппен – шамамен 270 келі қоқыс шығарады.

  • АҚШ – 811 келі
  • Австрия – 803 келі
  • Германия – 609 келі
  • Франция – 546 келі
  • Италия – 499 келі
  • Беларусь – 435 келі
  • Ресей – 400 келі
  • Қытай – 266 келі
  • Қырғызстан – 211 келі
  • Өзбекстан – 165 келі.

Фото: informburo.kz