Демалыс күндері елімізде ауа райы қандай болмақ

Арман Қайыпхан

  • 02.05.2025

Елімізде алдағы күндері тұрақсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды Malim.kz.

«Қазгидромет» РМК мамандары 1-3 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Мамандардың мәліметінше, мамырдың басында Қазақстан аумағында барикалық құрылымдардың жиі ауысуына байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады.

Республика бойынша найзағайлы жаңбыр, желдің күшеюі болжануда.

Солтүстік, шығыс және оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында түнде жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын түседі.

2 мамырда оңтүстік-шығыста қатты жаңбыр жауады, таулы өңірлерде жаңбыр мен қар аралас қатты жауын-шашын күтіледі.

Солтүстік-батыс, солтүстік, орталық және оңтүстік-шығыс өңірлерде бұршақ жаууы мүмкін.

Батыс пен оңтүстікте шаңды дауыл көтеріледі.

Тек оңтүстік өңірлерде жауын-шашынсыз ауа райы болжанып отыр.

Түнгі және таңғы уақытта ел бойынша тұман түседі. Ауа температурасы айтарлықтай өзгермейді, — деп нақтылады синоптиктер.

Фото: pixabay.com

Байланысты жаналықтар

Бүгін ауа райы қандай болады?

04.05.2025

Биылғы жазда мектептер жанынан 10 мыңнан астам лагерь ашылады

03.05.2025

Мамыр айында ауа райы қандай болады

01.05.2025

Қазақстанда күн қайта суытады

01.05.2025

1 мамырда Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады

30.04.2025

Астана мен бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды

29.04.2025
MalimBlocks
Бүгін ауа райы қандай болады?

Биылғы жазда мектептер жанынан 10 мыңнан астам лагерь ашылады

Мамыр айында ауа райы қандай болады

Қазақстанда күн қайта суытады

1 мамырда Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады

Астана мен бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды