Елімізде 17 өңірде дауылды ескерту жарияланды
Көп жерде көктайғақ, екпінді жел және өрт қаупі бар
Астана мен Шымкентте және 15 облыста бүгін, 13 қазанда дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Malim.kz.
«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, бүгін мына өңірлерде ауа райы қатты бұзылып тұр.
Атырау облысында солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с дейін барады. Облыстың батысында, солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Қызылорда облысының солтүстігінде көктайғақ, түнде және таңертең облыстың орталығында тұман күтіледі. Жел солтүстіктен, солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде күші 15-20 м/с күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде 1 градус үсік күтіледі. Облыстың орталығында, солтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың батысында жоғары өрт қауіпі сақталады.
Түнде Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың шығысында бұрқасың күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында қөқтайғақ, тұман болуы мүмкін. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с дейін барады. Облыстың оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Қарағанды қаласында көктайғақ және солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с болады.
Ұлытау облысының солтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с. Жезқазған қ.: солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Қостанай облысында түнде және таңертең оңтүстігінде, шығысында бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
Солтүстік Қазақстан облысында жолдарда көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с. Петропавл қ.: жолдарда көктайғақ күтіледі.
Жамбыл облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың таулы аудандарында тұман болуы ықтимал. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Тараз қ.: таңертең және күндіз найзағай болуы мүмкін.
Ақтөбе облысының шығысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде жоғары, батысында төтенше өрт қауіпі сақталады. Ақтөбе қ.: солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Абай облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
Түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қатты қар күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
Түнде Жетісу облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20 м/с.
Батыс Қазақстан облысында жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстік-шығысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде, орталықта төтенше өрт қауіпі сақталады. Орал қ.: төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақмола облысының оңтүстігінде шығысында бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Көкшетау қ.: жолдарда көктайғақ күтіледі.
Түркістан облысында күндіз таулы және тау бөктерлі аудандарында кей уақыттарда қатты жаңбыр, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, таңертең және күндіз облыстың таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20 м/с. Облыстың шөлді аудандарында төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады.
Шымкент қ.: күндіз кей уақыттарда қатты жаңбыр күтіледі. Солтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Астана қ.: түнде және таңертең жаяу бұрқасын күтіледі. Көктайғақ. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
Алматы облысының таулы аудандарында кей уақытта тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с.
Фото: kaztag.kz