Катонқарағайда сирек кездесетін қар барысы фототұзаққа түсті
Қар барысы – Алтай тауының символы

Катонқарағай ұлттық паркінің Аршаты орманшылығында сирек кездесетін қар барысы фототұзақ объективіне түсті, деп хабарлайды Malim.kz.
Катонқарағай ұлттық паркінің мәліметінше, бұл кадрлар 2024 жылдың желтоқсанынан бастап 2025 жылдың қаңтарына дейінгі аралықта түсірілген.
Бұл жетістікке Аршаты орманшылығының инспекторы Жомарт Аманбаевтың еңбегін ерекше атап өтпесек болмас. Оның ізденісі мен қажырлы жұмысы арқасында фототұзақтар дұрыс жерге орнатылып, осындай керемет нәтижелерге қол жеткізілді, деп жазылған парк хабарламасында.
Айта кетейік, қар барысы – Алтай тауының символы, табиғаттың саф мұрасы.
Фото: видеодан скриншот
Байланысты жаналықтар
MalimBlocks
Президентке үндеу. Алатауды Алматы әкімінен құтқарыңызшы...
Бауыржан Байбек бастаған дауды Ерболат Досаев жалғастырмақ па? Алматының бір топ эко-белсенділері бүгін, 5 қазанда баспасөз жиынын өткізіп, президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жариялады. Онда олар президенттен Алатауды Алматы әкімдігінен құтқаруды сұрап отыр.