Өрттен қалай сақтанған жөн?

Елімізде жылына 10 мыңнан аса өрт болып, 300-ге жуық адам қайтыс болады екен. Биыл 7560 өрт оқиғасы тіркеліп, 229 адам қаза тапқан. Өкініштісі, былтырмен салыстырғанда өрт 6,8 пайызға, кісі өлімі 6,5 пайызға өскен.

Malim Админ

  • 29.09.2024

 Жылына 10 мыңнан аса өрт болады

Жуырда Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте  ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты Өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының орынбасары Марғұлан Аманбаев осылай деді. Оның айтуынша, елімізде жылына 10 мыңнан аса өрт болып, 300-ге жуық адам қайтыс болады екен. Биыл 7560 өрт оқиғасы тіркеліп, 229 адам қаза тапқан. Өкініштісі, былтырмен салыстырғанда өрт 6,8 пайызға, кісі өлімі 6,5 пайызға өскен.

Әсіресе, Абай, Алматы, Қостанай, Жамбыл облыстарында өрт оқиғасы жиіліген. Кісі өлімінің басым бөлігі тұрғын үйлер өртенген кезде болатын көрінеді.

Мамандар өрттің шығу себебі әртүрі екенін айтады. Өрт қаупі жоғары кездерде негізінен дала мен орманда өрт көп болады. Әсіресе, өрт көктем, жаз, күз айларында, аптап ыстық пен құрғақшылық кезінде тұтанады.  Біз бүгін еліміздегі болатын өрттің шығу себептері мен оның алдын алу шаралары жайында сөз қозғайтын боламыз.

 

Дала өрті қайдан басталады?

Дала өрті кезінде жайылымдық алқаптар көп өртенеді. Қарқаралы ауданындағы өрт соның бірі. Дала өрті көбінесе ыстық мезгілде шөп қурап, жанғыш заттардың күн нұрымен шағылуынан шыққан оттан туындап жатады. Оның алдын алу қиын. Өйткені, ыстық ауа ағысы кез келген жағдайда өрттің тұтануына әкеп соғуы мүмкін. Сол үшін де төтенше жағдайларға жауапты мекемелер дала өртін көрген адамдардың тиісті мекемелерге тезірек хабар беруі маңызды дейді. Бұл табиғи апаттың бірі жатады.

Бірақ дала өртінің бәрі ыстық күннің әсерінен емес, кейде адамдардың салғырттығынан да орын алады.  Даладағы отты өшірмеу, темекі шегіп, далаға тастай салу, тез тұтанғыш заттарды далаға тастау салу секілді елеусіз істерден үлкен өрт тұтануы мүмкін. Далада демалушылар әйнек заттар мен бөтелкелерді көрінген жерге тастап кетіп жатады. Ал ол күн қатты қызғанда маңайындағы қураған шөпті күйдіріп, кесірінен өрт тұтануы мүмкін. Мұндай жағдайлар болса да, ешкімді жауапқа тарту, оны дәлелдеу мүмкін емес. Сол үшін тұрғындарға үлкен жауапкершілік керек.

Дала өрті мал жайылымын, егістік алқаптарын, даладағы ағаштарды, өсімдіктер мен жәндіктерді, құстарды қырып, мекенінен алыстатады. Салдарынан, экологиялық теңсіздік қалыптасады. Ол адам өмірі үшін өте қолайсыз жағдай туғызады. Сол үшін адамдарға табиғатқа жанашырлықпен қатар, жауапкершілік керек. Ересек адамдар табиғатқа отбасымен, достарымен қыдырып шыққанда балаларға қоқыс тастамауды, жанғыш заттар мен тез тұтанғыш қалдықтарды жинап, өздері отырған жерді тазалап кетуді үйретуі, оның зиян екенін түсіндіру керек дейді мамандар.

Дала өртінің ең қауіптісі әрі зияны да ауыр соғатыны – адамдардың далаға әдейі өрт қоюы. Мұндай фактілер де кезігіп жатады. Адамдар түрлі мақсатпен далаға өрт қойып, онысын жасырып жатады. Кейде біреуге қастық жасаймын деп (егінін, жайылымын әдейі өртеу) тұтас аумаққа, елге қыруар зиянын тигізеді. Бір сәттік орынсыз шешім күллі елді әбігерге салады. Кейбір жағдайлар орны толмас өкінішке ұрындырады. Дала өртінен өртсөндірушілер қайтыс болып жатады. Бейбіт күнде ажал құшады. Қасақана қойылған өрттен сондай ауыр жағдай туындамасына кім кепіл? Сондықтан, адамдарға табиғат-ананың қасиетін түсініп, оны қасіретке ұшыратпаудың маңыздылығын үнемі ескертіп отырған жөн. Табиғатты жылатқан қаскөйдің жолы ешқашан болмайтынын ұмытпаған абзал.

 

Орман өртенсе, ордаң өртенгенмен бірдей

Әлемде жыл сайын миллиондаған гектар орман өртеніп жатады. Елімізде де аз емес. Қостанай, Семейдегі орман өрттерін әлі ұмыта қойған жоқпыз. Елімізде орман өте аз. 11,2 пайыз ғана. Орманы аз елдің экологиясы құбылмалы. Ормансыз елде қуаңшылық көп болады. Әлемнің жылынуы мен су қорының азаюы, экологиялық апаттардың дені орманның аздығынан туындап жатады. Сол үшін әлем экологтары үнемі дабыл қағып, ағаш егуді, жасанды орман үлесін көбейтуді, табиғи орман алқабын сақтауды айтып жатады. Бұл мақсатта жылына халықаралық ірі конференциялар, БҰҰ-ның жиындары өтеді. Соған қарамастан, жыл сайын әлемде орман азайып барады. Өйткені, технология дамығанымен, соған қажетті ағаш өнімін пайдалану көбейіп келеді. Сондай-ақ, орман өрттері де азаймай түр. Соңғы таяу жылдары Ресей, Түркия, Канада, АҚШ, Австралияда ірі орман өрттері болды. Миллиондаға гектар алқап қызыл жалынға оранды. Орманмен бірге аң-құс, өсімдік, жан-жануар, адамдардың үйлері, елдімекендер өртенді. Өрт сөндірушілер қаза болды.

«Артыңда мал қалғанша, тал қалсын» дейтін елдің ағаштың қадірін білетіні рас. Десе де, бүгінгі ұрпақтары, яғни, біздер орманды қалай қорғап жүрміз? Бұл сұрақ өте маңызды.

 

Орман өрті неден шығады?

Әуелі, дала өрті секілді табиғи жағдайдан, яғни, аптап ыстықтан болады. Сондай-ақ, найзағай оты мен жанартаудың атқылауынан туындайды.

Екіншіден, мұнда да адам факторы бар. Орманды әдейі өртеп, ағаш сатып, пайда табуды көздеп жатады. Мұндай ақпараттың елімізде тарағаны да жасырын емес.

Кейбір елдерде орманды өртеп, орнын егістік алқабы жасауды көздейтін алпауыт компаниялар бар екені жазылып жүр. Елімізде ондай оқиға тіркелмегенімен, адамдардың өз мақсатын орындаудың түрлі жолын іздейтінін біле жүрген артық етпейді.

Орман өртінің зияны шашетектен. Ол дауыл секілді, оңайлықпен өшпейді. Тіпті, жел мен ыстық леп соқса, ырық бермейді. Қостанай мен Семейдегі өрт кезінде өртті ауыздықтау жолында ондаған кісі қайтыс болды. Мал-жанынан, үйінен, техникасынан, байлығынан бір жолда айырылып қалғандар қанша ма. Сондықтан, орманға барғанда өте абай болған жөн.

Бұлай дейтініміз, орман өрті кейде салғырттық пен немқұрайлықтың кесірінен тұтанып жатады. Дала өрті секілді, адамдар орманға барып демалып, түрлі қоқыс тастап, жаққан оттарын толық сөндірмей кетіп, яки, тез тұтанғыш заттарды бейберекет тастап, соның кесірінен ойламаған жерден өрт қаулап жатады.

Орман өртін сөндіру өте қиын. Ағаштар бықсып, тез арада толық жанбайды. Сондай-ақ, орманның түтін-ысы күшті болады. Орманның басым бөлігі таулы, жарлы, қиын жерлерде өсетіндіктен, оны ауыздықтауға өрт сөндіретін техниканың жетуі қиын. Көп жағдайда тікұшақпен су шашады. Суды жеткілікті шашу үшін көп күш, қаржы, техника керек. Шетелдердегі алапат өрттерде көрші елдер көмек беріп, өрт сөндірушілер мен техникаларын жіберіп, тіпті кей кездері БҰҰ-ның арнайы тобы көмекке аттанып жатады.

Мамандар ормандағы кез келген отты көрген адамдардың төтенше жағдайлар қызметкерлеріне ертерек хабарласуы қажеттігін айтады. Орман өртін ауыздықтау бір адамның қолынан келмейді, мұндай сәтте тұтас халықтың бірлігі, сауаттылығы керек. Өзі жалғыз орман өртіне барған адамның басына қауіп төнеді.

                                   

Тұрғын үйдегі өрт: Асқардың ерлігін ел ұмытпайды

Қазір қалаларда биік-биік ғимараттардан өрт шығатын оқиғалар жиі кездеседі. Бүкіл әлемде солай. Елімізде де ондай жайттар аз тіркелмейді. Өрттен қаза табатын кісілердің басым бөлігі тұрғын үйлердегі өрттенден болады екен.

Тұрғын үйлердегі өрттердің шығу себебі әрқилы. Жеке секторларда, жер үйлерде көбінесе газдан, оттан өрт шығып жатады. Электр сымдарының тұйықталуынан да болады. Тұрғын үйлердегі өрт мезгіл таңдамайды. Жерүйлерде негізінен қыс мезгілінде болса, көп қабатты үйлерде кез келген мезгілде өрт болуы әбден мүмкін.

Сондай сәттің бірі Астанада болды. Бұл халық қаһарманы, өз өмірін қиып, бес адамды ажалдан құтқарған  Асқар Забикулин болатын.  2022 жылғы 16 қарашада Астанадағы «Қаһарман» тұрғын үй кешенінде болған өртті сөндіруге қатысқан. Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері өрттен бес адамды, оның ішінде бір баланы алып шықты. Өрт ішінде қалған адамдарға көмектесу үшін Асқар Забикулин комбинезонын шешіп, жанып жатқан пәтерге терезе арқылы кірген. Ол қарт әйелді, оның немересін және 10 жасар баланы аман алып қалды. Өрт сөндірушіні күйік шалып, 20 қарашада ауруханада көз жұмды. Бұл оқиға ел есінен кетпейді. Батыр туралы арнайы сериал түсіріліп, Есіл ауданындағы көшеге Асқар Забикулин есімі берілді. Ондай оқиғалар елімізде аз емес.

Асқар жанып тұрған пәтерге тереземен кіріп, қарт адамды да, балаларды да құтқарды. Ол өз артына өшпес із, даңқ қалдырды. Тұрғын үйлерде болатын өрттен адамдарды құтқарған Асқар секілді арда азаматтар ел есінен ұмытылмақ емес.

Тұрғын үйдегі өрттің себептері көп. Қабат үйлерде көп жағдайда электр сымдарының тұйықталуынан тұтанып жатады. Қым-қиғаш кабелдерді тарту өте біліктілікті қажет етеді. Кішкентай ақау үлкен өртке себеп болады. Сондықтан жеке үйлерді ремонттаған кезде кәсіби электриктердің қызметіне жүгінген абзал. Электр сымдары мен жарық қосқыш, қуаттағыш нүктелердің құралдарын жақсысынан, сапалысынан таңдау да маңызды. Арзан заттар еріп, жарық қуатына шыдас бермей, өрт тұтануына жол ашып жатады. Оны болдырмау үшін үйіңізде сақтандырғыш тетіктерді орналастырған дұрыс.

Содан кейін үй техникаларын дұрыс пайдалану өте маңызды. Үтіктің немесе токке қосылатын кез келген техниканың дұрыс пайдаланылмауынан өрт тұтанып кетеді. Телефон қуаттағыштың қызунан да өрт болған мысалдар кезігеді.

Қабат үйлерде бір үйден шыққан өрт тұтас ғимаратқа тарап кету ықтималдығы жоғары. Қарапайым ережелердің сақталмауынан ондаған отбасы зардап шегіп, тіпті адам өлімі де тіркеліп жатады. Биік ғимараттарда өртті сөнідру, адамдарды құтқарау өте қиын жағдай. ТЖМ өкілдері өрт қауіпсіздігін сақтауды құрылыс компанияларынан талап еткенімен, кейбір салғырттық кесірінен туындайтын келеңсіздіктердің азаймай тұрғанын айтады.

 

Өрттен сақтансаң сақтайды

Төтенше жағдайлар министрлігі жыл сайын өрттен сақтанудың жолдарын үйрететін түрлі іс-шаралар өткізіп келеді. Адамдардың біліксіздігі мен немқұрайлығынан өрттің тұтану себептері жиілеп кеткеніне алаңдайды. Өрт кезінде ең бірінші адамдарды құтқару маңызды дейді олар. Ол үшін тұрғындардың өздері де қарапайым ережелерді білуі керек.

Өрт шыққан жағдайда ең алдымен 101 нөміріне хабарласу керек. Оларға өрттің қай жерде, қашан, неден басталғанын нақты сипаттап айтқан жөн.

Егер телефон арқылы хабарлауға, үйден шығуға  мүмкіндік болмаса, терезені ашып көршілерге, көшедегі адамдарға айғайлап, көмек сұраған жөн. Қолдан келгенше, өрттің болғанын айналадағы көп адам білсе, қауіп-қатердің алдын алуға пайдасы тиеді.

Қолыңыздан келгенше адамдарды, әсіресе балалар мен қарттарды, жануарларды, құнды заттарды қауіпсіз жерге жеткізуге тырысыңыз.

Адамдар көбінесе оттан емес, түтіннен, ыстан қаза болып жатады. Сондықтан, еденге жатып, түтін-ыс тимейтін жерге жетіп, аузыңыз бен мұрныңызды ылғал орамалмен қорғаңыз.

Өртті сөндіруге мүмкіндігіңіз жетпейтінін білсеңіз, өз бетіңізше әрекет етпей, ТЖМ-ға хабарласып, өз басыңыздың амандығын қорғаңыз.

Әр үйде өрт сөндіру құррылғылары мен қажетті заттардың болғаны жөн.

                                                                                                              А.Күнтуған

Байланысты жаналықтар

Алапат өрт сөнбей жатыр

07.10.2024

Түркияда орман өртенді: қызыл жалын елді мекендерге жеткен

19.07.2024

Бір аптада 8 бала терезеден құлады

04.07.2023

ЭКС-МИНИСТР ЮРИЙ ИЛЬИН СОТТАЛА МА?

13.06.2023

Қостанайдағы өртенген орман қанша жылда қалпына келеді?

30.09.2022

Риддердегі өрт: 35 отбасы үйсіз қалды

11.05.2021
MalimBlocks
Алапат өрт сөнбей жатыр

Өрт сөндіруге 600-ден астам адам, 110 техника және төрт әуе кемесі жұмылдырылған

Түркияда орман өртенді: қызыл жалын елді мекендерге жеткен

Тұрғындар вагондармен эвакуацияланды.

Бір аптада 8 бала терезеден құлады

Елімізде бір аптада 8 бала терезеден құлап кеткен. Бұл жайлы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз орталығы хабарлады.

ЭКС-МИНИСТР ЮРИЙ ИЛЬИН СОТТАЛА МА?

Абай облысындағы өртке байланысты Төтенше жағдайлар министрлігінің экс-министрі Юрий Ильиннің әрекетін Бас прокуратура тексеру бастады.  Бұл туралы Үкімет отырысында Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов мәлімдеді.

Қостанайдағы өртенген орман қанша жылда қалпына келеді?

Қостанайдағы 300 гектарға жуық орманды алқаптың 43 мыңы жанып кетті. Бұл орасан аумаққа енді баяғы жайқалған бауы мен қайнаған тіршілігі қайта орала ма?

Риддердегі өрт: 35 отбасы үйсіз қалды