Қостанайдағы өртенген орман қанша жылда қалпына келеді?

Қостанайдағы 300 гектарға жуық орманды алқаптың 43 мыңы жанып кетті. Бұл орасан аумаққа енді баяғы жайқалған бауы мен қайнаған тіршілігі қайта орала ма?

  • 30.09.2022
Қостанайдағы өртенген орман / Фото: Б.Ғабдуллин

Қостанайдағы өрттен 43 мың гектар орман өртенді. Өртенген аумақта Қызыл кітапқа енген өсімдіктер мен жан-жануарлар да бар. Өсімдік өртеніп кетсе, жан-жануар ауып кеткен бұл алып аумақ қалпына келу үшін бір ғасырға жуық уақыт керек. Бұл туралы National geographic Qazaqstan журналы жазды.  

Ғалымдар келтірген пікірде орманды алқаптың қалпына келуі үшін орасан жұмыстар атқарылуға тиіс. Егер жұмыс жүйелі түрде жүргізілмесе, аталған уақыт одан ары созылып кетуі мүмкін. Яғни, орман өздігінен қалыпқа келе алмайды. Ол үшін ең алдымен өртенген алқапты тазалау маңызды шаруа. Оның өзіне шамамен 3-5 жыл уақыт кетеді. Одан кейін оған ағаштар отырғызыла бастайды. Шөптесін өсімдіктердің ұрығы өрттен аман қалса, аумақ тазаланған соң қайта қылтиып өсіп шығуы мүмкін. Ал, ағаштарды қалпына келтірудің машақаты көп.

Биолог ғалым Мария Зейнелова орман фаунасының қалпына келуі де орманның қалыпқа келуіне байланысты екенін айтады. Және орман сиресе, ол жалпы климатқа, айналасындағы өсімдіктер дүниесіне, адам денсаулығына да әсер етеді.  

«Орманда қызыл кітапқа кіретін өсімдіктер мен аң-құс көп еді. Мұндағы қарақұс, аққұйрықты субүркіт – қызыл кітапқа енген ірі жыртқыш құстар. Олар небары екі балапан басады, үш немесе одан көп балапан басуы сирек кездеседі. Ал қарағайды ғасырлық деп атайтын себебі – олар үшін бір ғасыр 10 жылға тең. Cондықтан бұл ағаштардың қалыпқа келуі үшін кем дегенде 80 жыл керек. Орманның азаюы оттегінің жетіспеуіне алып келеді. Мысалы, қарағайлар фитоцид бөледі, ал бұл барлық микробты өлтіреді. Қаншама өсімдік емдік қасиеттерімен адам ауруларына шипа бола алады. Онсыз да Жер планетасында оттегі жетіспейді. Ал мұндай өрттің салдары адамның денсаулығына кері әсер етеді», – дейді ол.

Орман өзін өзі сауықтыруы да мүмкін. Бірақ, оған қолайлы табиғат керек. Жауын-шашын мол түссе, біраз өсімдік қайта өсіп шыға алады, ал, құрғақшылық болса, ондай мүмкіндік жоқ. Сол себепті, бұл жерге адам қолы араласпай болмайды. Оның жүйесі шамамен былай: Алдымен өртенген аумақ тазаланады (3-5 жыл), бұл аралықта питомниктерде балашықтар отырғызыла бастайды. Олар питомникте екі жыл күтіп-бапталатынын ескерсек, бұл шаруа келесі жылдан бастап қолға алына бастайды. Сосын, оларды тазанған аумаққа әкеп отырғызады. Одан кейін де оған ығытты ауа райы керек, құрғақшылық болса немесе климатқа, топыраққа бейімделе алмаса, жас шыбықтар өліп қалады. Демек, орман отырғызу жұмыстары бірнеше мәрте жүруі мүмкін. Ал, ол балашықтар бой салып өскенше, орман – орман бола алмайды. Яғни, ағаштар биіктегенше орман фаунасы қалпына келмейді. Ағаштың ұшар басына ұя салатын құстар, шөпқоректі жануарлардың тіршілігі орман қалыңдағанша тоқтай тұрады деген сөз. Демек, шамамен 2100 жылы – жаңа ғасыр басында өртенген орман бұрынғы қалпына келеді. Онда да жеткілікті көңіл бөлінсе.

Байланысты жаналықтар

Түркияда орман өртенді: қызыл жалын елді мекендерге жеткен

19.07.2024

Риддердегі өрт: 35 отбасы үйсіз қалды

11.05.2021

Қостанайдағы өртенген орман қанша жылда қалпына келеді?

MalimBlocks
Түркияда орман өртенді: қызыл жалын елді мекендерге жеткен

Тұрғындар вагондармен эвакуацияланды.

Риддердегі өрт: 35 отбасы үйсіз қалды

Қостанайдағы өртенген орман қанша жылда қалпына келеді?

Қостанайдағы 300 гектарға жуық орманды алқаптың 43 мыңы жанып кетті. Бұл орасан аумаққа енді баяғы жайқалған бауы мен қайнаған тіршілігі қайта орала ма?