Абай облысындағы «Семей орманы» қайта өртенді

Арман Қайыпхан

  • 04.04.2025

Абай облысы Бесқарағай ауданы Ерназар ауылдық округіне қарасты Қоянбай ауылында құрғақ шөп өртенді, деп хабарлайды Malim.kz.

Күшті желдің әсерінен жалын «Семей орманы» табиғи резерватының Морозов филиалындағы орман алқабына тарады.

Төтенше жағдайды жоюға Абай және Павлодар облыстарының ТЖД қызметкерлері, «Семей орманы» және «Ертіс орманы» орман шаруашылықтары, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар жұмылдырылды. Өрт сөндіруге барлығы 240 адам мен 96 техника қатысуда. Әуеден бақылау жүргізілуде.

Еске сала кетейік, 2023 жылы «Семей орманы» резерватында бірнеше өрт болған. Маусым айындағы ең ірі өрт 60 мың гектардан астам аумақты қамтып, 15 адамның – 14 орманшы мен тракторшының өмірін қиған еді.

Фото: видеодан кадр

Байланысты жаналықтар

Абай облысының экс-әкімі Ұранхаев жаңа лауазымға тағайындалды

20.05.2025

Абай облысында ет өнімдерін терең өңдейтін өндірістік кешеннің құрылысы басталды

15.05.2025

Астанадағы «Шанхай» базарындағы өрт сөндірілді

13.05.2025

Абай облысының әкімі соғыс ардагерлерін Жеңіс күнімен құттықтады

08.05.2025

Астанада базардан шыққан өрт оқшауланды

08.05.2025

Астанада «Шапағат» базары өртеніп жатыр

08.05.2025
MalimBlocks
Абай облысының экс-әкімі Ұранхаев жаңа лауазымға тағайындалды

Абай облысында ет өнімдерін терең өңдейтін өндірістік кешеннің құрылысы басталды

Астанадағы «Шанхай» базарындағы өрт сөндірілді

Абай облысының әкімі соғыс ардагерлерін Жеңіс күнімен құттықтады

Астанада базардан шыққан өрт оқшауланды

Астанада «Шапағат» базары өртеніп жатыр

Базар аумағындағы бутиктердің бірі отқа оранған