Түркияда орман өртенді: қызыл жалын елді мекендерге жеткен

Тұрғындар вагондармен эвакуацияланды.

Сабина Асқарқызы

  • 19.07.2024

Түркияның Измир қаласында орман өрті өршіп, желдің екпінімен елді мекендерге жетті, деп хабарлайды Malim.kz.

Қазір қызыл жалынды ауыздықтауға ұшақтар мен тікұшақтар жұмылдырылған.

A Haber телеарнасының мәліметінше, Измир провинциясындағы орман өрті бейсенбі күні түстен кейін басталған. Бұл халықаралық әуежай жұмысына кедергі келтіріп жатыр. Белгілі болғандай, қазір желдің күшімен өрт елді мекендерге дейін жеткен. Оны сөндіруге ұшақтар, тікұшақтар тартылуда.

Измирдегі Газиэмир және Буджа аудандарының арасындағы орман өртін сөндіру жұмыстары жалғасуда. Өртті жоюға 7 ұшақ, 16 тікұшақ, 35 жер үсті көлігі, 11 су тасымалдау көлігі, төрт бульдозер, төрт жер үсті командасы және өрт сөндірушілер жұмылдырылды, - делінген телеарна мәліметінде.

CNN Türk жергілікті тұрғындар мен қойлар вагондармен эвакуацияланғанын жазды. Тұрғындар тіпті қызыл жалынмен өз беттерінше күресуге де тырысқан.

Фото: Lokman Ilhan/Anadolu via Getty Images 

Байланысты жаналықтар

Ыстамбұлда Ресей мен Украина арасындағы келіссөздер аяқталды

16.05.2025

Түркияда Ресей-Украина келіссөзі өтіп жатыр

16.05.2025

Ыстамбұлда Украинаға қатысты үшжақты кездесу өтті

16.05.2025

Зеленский Түркиядан Албанияға кетті

16.05.2025

Ердоған: Соғыс Киев пен Мәскеудің тікелей келіссөзі арқылы аяқталуы керек

15.05.2025

Зеленский Анкараға жетті

15.05.2025
MalimBlocks
Ыстамбұлда Ресей мен Украина арасындағы келіссөздер аяқталды

Түркияда Ресей-Украина келіссөзі өтіп жатыр

Ыстамбұлда Украинаға қатысты үшжақты кездесу өтті

Ресейлік БАҚ-тың хабарлауынша, кездесу "логистикалық мәселелерге" байланысты өтпей қалған

Зеленский Түркиядан Албанияға кетті

Ердоған: Соғыс Киев пен Мәскеудің тікелей келіссөзі арқылы аяқталуы керек

Зеленский Анкараға жетті