457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Түркия әскері Украинаға аттануы мүмкін: үш шарт аталды

Түркия әскері Украинаға бітімгерлік миссиясымен баруы ықтимал. Алайда ол үшін бірқатар шарт орындалуы тиіс, деп хабарлайды Malim.kz Hurriyet.com-ға сілтеме жасап.

Түркияның Ұлттық қорғаныс министрлігіндегі дереккөздерге сүйенген басылым, әскерилердің Украинаға аттануына қажетті 3 шартты атады:

  1. Атысты тоқтату режимі орнатылуы керек;
  2. Жедел әрекет ету тобының миссиясы анықталуы тиіс;
  3. Әрбір елдің үлесі белгіленуі қажет.

«Украинаға қатысты процесс жеделдей түсті. Осы тұста әріптестікке Түркия да шықырылатын секілді. НАТО-ның Бас хатшысы Аляскадағы Трамп пен Путиннің кездесуінің алдында және Ақ үйдегі саммиттен кейін президент Ердоғанға қоңырау шалып, ақпарат берді. Түркия сарбаздары қажет болып тұр. Тағы бір қызық жайт: Путин де, Зеленский де, сондай-ақ Трамп пен Украинаны қолдап отырған "қалаулы елдер коалициясы" да Түркияның Украинаға жіберілетін жедел топтың бір бөлігі болғанын қалайды. Бірақ Түркияның өзі мұны қалай ма? Жоғарыда министрлік дереккөздерінен алынған критерийлерді келтірдім», – делінген мақалада.

Егер атысты тоқтату режимі орнатылып, миссия нақты айқындалса, Түркия Украинаға жіберілетін бітімгер күштерге қатысуы мүмкін.

«Анкара бұған қарсы емес. Түркия сарбаздары Украинада бейбітшілікті қамтамасыз ету үшін қызмет ете алар еді. Алайда мұндай күштердің мандаты әзірге анықталған жоқ, әрі нақты ұсыныстар түскен жоқ», – деп жазылған жарияланымда.

Фото: msb.gov.tr