ЭКС-МИНИСТР ЮРИЙ ИЛЬИН СОТТАЛА МА?

Абай облысындағы өртке байланысты Төтенше жағдайлар министрлігінің экс-министрі Юрий Ильиннің әрекетін Бас прокуратура тексеру бастады.  Бұл туралы Үкімет отырысында Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов мәлімдеді.

  • 13.06.2023

Ішкі істер министрі Марат Ахметжановқа Төтенше жағдайлар жөніндегі экс-министр Юрий Ильиннің әрекетін тексеру басталды ма деген журналистердің сұрағына бірнеше нұсқа бойынша тергеу жүріп жатқанын айтты. Негізгілері – салғырттық, өртеу немесе найзағай ұру. Министр бұл істі арнайы прокурор, Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері қолға алғанын айтты. Президент Бас прокурорға тапсырма берді, оның аясында тексеру жүргізіледі. Жалпы, тергеуге 2 ай уақыт берілгенін, бірақ әзірге Юрий Ильинге қатысты жеке қылмыстық іс қозғалмағанын, бірақ оның кінәсі анықталса, тергеу барысында айып тағылатынын айтты.

Ал Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдан Юрий Ильиннің неге бірден Абай ауданына бармай, президенттің тапсырмасын күтіп жүргені сұрағанда «Өкінішке орай, жағдай дұрыс бағаланбаған. Басталған кезде «Семей Орман» шаруашылығы өз күшімен өртті сөндірмек болған. Ал жалын өршіп бой бермей кеткен кезде Төтенше жағдайлар министрлігі мен Қорғаныс министрлігінің күштері тартылды», - деп түсіндірді Скляр.

11 маусымда Қазақстан президенті Бас прокуратураға Абай ауданындағы өртті жою бойынша уәкілетті органдардың іс-әрекетін бағалауды тапсырды. Кейінірек Бас прокуратураның баспасөз қызметі адам өліміне және қоршаған ортаға айтарлықтай зиян келтіруге әкеп соққан ауыр зардаптарды ескере отырып, арнайы прокурор салғырттық фактісі бойынша қылмыстық іс тіркегенін хабарлады.

Естеріңізге сала кетейік, Абай ауданының полиция басқармасы өрт фактісі бойынша ҚР ҚК 292-бабының 3-бөлігі бойынша «Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеу бастады.

Байланысты жаналықтар

Абай облысында ет өнімдерін терең өңдейтін өндірістік кешеннің құрылысы басталды

15.05.2025

Астанадағы «Шанхай» базарындағы өрт сөндірілді

13.05.2025

Абай облысының әкімі соғыс ардагерлерін Жеңіс күнімен құттықтады

08.05.2025

Астанада базардан шыққан өрт оқшауланды

08.05.2025

Астанада «Шапағат» базары өртеніп жатыр

08.05.2025

Шымкентте 5 тонна сіріңке өртеніп кетті

07.05.2025
MalimBlocks
Абай облысында ет өнімдерін терең өңдейтін өндірістік кешеннің құрылысы басталды

Астанадағы «Шанхай» базарындағы өрт сөндірілді

Абай облысының әкімі соғыс ардагерлерін Жеңіс күнімен құттықтады

Астанада базардан шыққан өрт оқшауланды

Астанада «Шапағат» базары өртеніп жатыр

Базар аумағындағы бутиктердің бірі отқа оранған

Шымкентте 5 тонна сіріңке өртеніп кетті