457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Қатты ыстық пен найзағай: 18 мамырда ауа райы қолайсыз болады

Қазгидромет мамандары 18 мамыр күні еліміздің бірнеше өңірінде ауа райының қолайсыз болатынын ескертті, деп хабарлайды Malim.kz. 

Солтүстік, орталық және оңтүстік-шығыс аймақтарда жаңбыр жауып, найзағай ойнап, бұршақ түсуі мүмкін. Сондай-ақ екпінді жел соғып, ауа температурасы төмендейді.

Ал батыс өңірлерде антициклон ықпалынан жауын-шашынсыз күн райы күтіледі.

Абай мен Шығыс Қазақстан облыстарында өте қатты ыстық сақталады. Бұл өңірлердің оңтүстік бөлігінде ауа температурасы күндіз +40 градусқа дейін жетуі ықтимал.

Жоғары және төтенше өрт қаупі бар өңірлер:

Маңғыстау (батыс),

Ақтөбе (батыс, оңтүстік-шығыс),

Қостанай (оңтүстік),

Жамбыл (солтүстік-шығыс, оңтүстік-шығыс),

Түркістан (таулы аймақтар),

Атырау (оңтүстік, батыс, солтүстік-шығыс),

Алматы (орталық),

Жетісу (солтүстік-батыс, шығыс),

Абай (батыс, солтүстік, орталық, оңтүстік).

Қауіптің төтенше деңгейі Қызылорда, Түркістан, Жамбыл және Абай облыстарының бірнеше бөлігінде тіркелуі мүмкін.

Фото: © freepik.com