457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

21 тамызға арналған ауа райы болжамы белгілі болды

Синоптиктер Астана мен еліміздің 15 өңірінде 21 тамызда дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Malim.kz "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жетісу облысының шығысында, орталығында, таулы аудандарында найзағай ойнайды деп күтіледі. Облыстың шағысында, таулы аудандарында батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Талдықорғанда 21 тамызда кей уақыттарда найзағай ойнайды деп күтіледі.

Күндіз Маңғыстау облысының солтүстік-батысында, шығысында найзағай ойнайды деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, шығысында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Күндіз 38 градус қатты ыстық болып, облыс бойынша төтенше өрт қаупі, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Ақтауда 21 тамызда солтүстік-шығыстан жел соғады, күндізгі екпіні 15-20 м/с құрайды.

Ұлытау облысының солтүстігінде, орталығында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда 21 тамызда солтүстік-батыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15 м/с.

Күндіз Павлодар облысының батысында, солтүстігінде нөсер жаңбыр жауады, бұршақ түседі, дауыл тұрады, найзағай ойнайды деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Павлодарда 21 тамызда күндіз найзғай ойнап, күн райы бұзылады деп күтіледі.

Күндіз Қарағанды облысыныңшығысында найзағай ойнайды деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағандыда 21 тамызда оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с.

Күндіз Атырау облысының батысында, оңтүстігінде найзағай ойнап, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман болуы мүмкін. Күндіз облыстың батысында солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыстың батысында, шығысында төтенше өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Атырауда 21 тамызда түнде найзағай ойнайды деп күтіледі.

Таңертең және күндіз Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Таразда  21 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Батыс Қазақстан облысының батысында найзағай ойнап, бұршақ түседі, түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман болады деп күтіледі. Облыстың батысында солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың батысында төтенше өрт қауіпі сақталады. Оралда 21 тамызда түнде және таңертең тұман болады деп күтіледі.

Күндіз Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай ойнайды деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Күндіз 35 градус қатты ыстық болады деп күтіледі.

21 тамызда Ақтөбе облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, күндіз бұршақ түседі деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман болу ықтималдылығы жоғары. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қостанайда 21 тамызда таңертең және күндіз найзағай ойнап, батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с.

Күндіз Шығыс Қазақстан облысыныңоңтүстігінде найзағай ойнайды деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-18 м/с құрайды. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі.

Күндіз Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында найзағай ойнайды деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыстың оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі күтіледі. Семейде 21 тамызда найзағай ойнап, солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында нөсер жаңбыр жауады, бұршақ түседі, дауыл тұрады, найзағай ойнайды деп күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында, күндіз  облыстың оңтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 25 м/с дейін жетеді. Көкшетауда 21 тамызда найзағай ойнап, оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндізгі екпіні - 15-18 м/с.

Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында нөсер жаңбыр жауады, бұршақ түседі, дауыл тұрады, найзағай ойнайды, түнде және таңертең облыстың батысында тұман болады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Петропавлда 21 тамызда найзағай ойнап, күндіз бұрщақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады деп күтіледі.

Астанада 21 тамызда найзағай ойнап, күндіз бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз кей уақыттарда соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Фото: puxabay

Өзбектерді той шығыны мазалайды
Аналитика
|
14.07.2025 17:13
2025-07-14 17:13:00

Ең көп оқылған