457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

19 тамызға арналған ауа райы болжамы жарияланды

Синоптиктер алдағы сейсенбіде, 2025 жылғы 19 тамызда Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Maim.kz.

"Қазгидромет" РМК деректері бойынша, күндіз мына өңірлерде аптап ыстық күтіледі:

Атырау облысында: +35...+39°С,

Ақтөбе облысының оңтүстігінде: +35°С.

Республикамыздың батысында, оңтүстігінде және орталығында антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

"Солтүстік-батыс циклоны және онымен байланысты атмосфералық қозғалыстар Қазақстан аумағында өз ықпалын сақтайды: найзағай ойнап, жаңбыр жауады, елдің қиыр шығысында нөсер жаңбыр жауады, жекелеген аудандарда бұршақ түсуі мүмкін... Республика бойынша ортақ табиғи құбылыс ретінде желдің екпін алуы аталады, солтүстікте, шығыста түнде және таңертең тұман болады, облыстың батысында шаңды дауыл тұрады деп болжанады, - деп хабарлады "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметі.

Фото: pixabay