freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Экология
Еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Фото: pixabay

Қазақстанның бірқатар өңірлерінде 2026 жылдың 28 шілдесіне дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Malim.kz.

Астанада 28 шілдеде күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні – 15-20 м/с.

Түнде Ақмола облысының солтүстігінде, ал күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында, орталығында жаңборталығындаыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан соққан желдің күндізгі екпіні облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында, 15-20 м/с құрайды. Күндіз облыстың батысында 35 градус қатты ыстық болып, облыстың батысында жоғары өрт қаупі, ал оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Көкшетауда 28 шілдеде күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, солтүстік-батыстан, солтүстіктен соққан желдің екпіні 15-18 м/с құрайды.

Күндіз Алматы облысының таулы аудандарында аздап жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Солтүстік-шығыстан соққан желдің күндізгі екпіні таулы аудандарда 15-20 м/с құрайды. Күндіз облыс бойынша 35 градус қатты ыстық болып, облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, орталығында төтенше және жоғары өрт қаупі сақталады. Алматыда 28 шілдеде төтенше өрт қаупі сақталады.

Жетісу облысының шығысында, таулы аудандарында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ түседі деп күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні облыстың шығысында 17-22 м/с құрайды. Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Талдықорғанда 28 шілдеде төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Ұлытау облысының шығысында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15 м/с. Күндіз 35-38 градус қатты ыстық болып, облыстың оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда 28 шілдеде күндіз 35 градус қатты ыстық болатыны болжанады.

Ақтөбе облысының солтүстік-батысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндізгі екпіні – 15-18 м/с. 28-29 шілдеде күндіз 35-39 градус ыстық болып, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі, ал батысында, шығысында, солтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбеде 28 шілдеде күндіз 37-39 градус ыстық болады деп күтіледі, жоғары өрт қаупі сақталады.

Түнде Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың батысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында бұршақ түсіп, дауыл тұруы мүмкін. Солтүстіктен соққан желдің күндізгі екпіні облыстың солтүстігінде, шығысында 15-18 м/с құрайды. Облыстың шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Маңғыстау облысының солтүстігінде, орталығында шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, орталығында солтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыстың солтүстігінде, батысында жоғары өрт қаупі, ал солтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтауда 28 шілдеде күндіз 38-39 градус қатты ыстық болатыны болжанады.

Түнде Атырау облысының батысында, солтүстігінде аздап жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Күндіз 37-39 градус қатты ыстық болып, облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Атырауда 28 шілдеде күндіз 37-39 градус қатты ыстық болып, қалада төтенше өрт қаупі сақталады.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу