freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Бүгін ел аумағында бес орман өрті тіркелді

Экология
Бүгін ел аумағында бес орман өрті тіркелді
Фото: pixabay

27 шілдеде еліміздің мемлекеттік орман қоры аумағында бес орман өрті тіркелді, деп хабарлайды Malim.kz.

Министрлік дерегінше, өрттің екеуі Ақмола облысында, біреуі Шығыс Қазақстан облысында, тағы екеуі Батыс Қазақстан облысында болған.

Қазіргі уақытта Батыс Қазақстан облысындағы орман өртін оқшаулау және толық сөндіру жұмыстары жалғасуда. Оқиға орнына орман шаруашылығы, мемлекеттік орман күзеті және төтенше жағдайлар қызметінің мамандары мен арнайы техникалары жұмылдырылған.

Ал Ақмола және Шығыс Қазақстан облыстарында тіркелген өрттер толықтай сөндірілді. Өрт ошақтары мемлекеттік орман күзетінің жерүсті патрульдеу кезінде дер кезінде анықталып, жедел әрекет етудің арқасында жалынның кең аумаққа таралуына жол берілмеді.

Экология министрлігі өрт қаупі жоғары кезеңде тұрғындарды табиғат аясында демалу кезінде және орман пайдаланушыларды өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға шақырды.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу