457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Синоптиктер қазақстандықтарға ескерту жасады

24 наурызда елдің 16 өңірі мен ірі қалаларында ауа райы қолайсыз болады

24 наурызда елдің 16 өңірі мен ірі қалаларында ауа райы қолайсыз болады, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі. 

Астана

Астанада түнде және таңертең қар жауып, тұман түседі. Жолдарда көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы таңертең және күндіз 15-20 м/с-қа дейін жетеді.

Алматы

Алматыда күндіз кей жерлерде нөсер жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысып, найзағай кезінде жылдамдығы 18 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.

Шымкент

Шымкентте таңертең және күндіз кей жерлерде қатты жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді.

Түркістан

Түркістанда кей жерлерде найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.

Тұрғындарға сақтық шараларын ұстану ұсынылады.

Фото: pixabay.com