457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

"Жаңбыр, бұршақ, аптап ыстық". 26 маусымға арналған ауа райы болжамы

Қазақстанда 2025 жылғы 26 маусымда бұршақ аралас жаңбырдан бастап өте қатты ыстықты қамтитын ауа-райының тұрақсыз сипаты күтіледі, деп хабарлайды Malim.kz.

"Қазгидромет" РМК деректері бойынша бейсенбі күні түстен кейін қатты ыстық болады деп болжанады:

  • Алматы, Жетісу облыстарында: +35...+39°С,
  • Жамбыл облысында: +38°С,
  • Түркістан облысының батысында, шөлейтті аудандарында: +41°С.

Мына өңірлерде күндіз сынап бағанасы +42°C-ге дейін көтеріледі:

  • Алматы облысының солтүстігінде, батысында, орталығында,
  • Жетісу облысының оңтүстігінде, шығысында.

"Республикамыздың басым бөлігінде циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен ауа-райының тұрақсыз сипаты сақталады, найзағай ойнап, жаңбыр жауады, батыста, солтүстік-батыста, шығыста, еліміздің орталығында қатты жаңбыр жауады деп күтіледі, батыста, солтүстікте, шығыста, орталықта бұршақ түсіп, дауыл тұрады. Республикамыз бойынша жел екпін алып, еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде түнде және таңертең тұман болады", – деп болжануда.

Фото: pixabay