Жаз айларында ауа райы қалай болады?

Malim Админ

  • 13.05.2025

Жаз айларында ауа райы қалай болады? Үкімет отырысында Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев өз  болжамын айтты.

Маусым айында Қазақстанның басым бөлігінде айлық орташа ауа температурасы қалыпты болады, яғни елдің солтүстігі мен орталығында 17-20 градус, ал батысында – 23-25 градус болады деп күтіледі. Оңтүстік-батыста және оңтүстікте әдеттегіден ыстығырақ болады, жазық бөлікте орташа температура 24-28 градус, ал максималды температура – 45 градусқа дейін жетеді. Елдің батысында және солтүстік-шығысында, шығысында және оңтүстігінде жауын-шашын норма шегінде, ал қалған аумақта көбінесе нормадан аз болады, − деді Экология министрі.

Жауын-шашын негізінен көпжылдық нормалар шегінде болжанады, солтүстік-батыста, солтүстікте, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста жауын-шашын нормадан жоғары болады деп болжанған.

Тамыз, қыркүйек айлары егіннің пісуі мен оны жинау жұмыстарына қолайлы болады деп күтілуде. Мол және ұзаққа созылатын жауын-шашын күтілмейді, елдің басым бөлігінде айлық орташа ауа температурасы климаттық нормадан 1 градусқа жоғары болады, − деді Ерлан Нысанбаев.

Фото: pixabay


 

Байланысты жаналықтар

Алдағы үш күнде 44 градусқа дейін ыстық болады

12.05.2025

Алдағы күндері күн күркіреп, жаңбыр жауады

11.05.2025

Синоптиктер ауа райы болжамын ұсынды

10.05.2025

8, 9 және 10 мамырға арналған ауа райы болжамы жарияланды

07.05.2025

Найзағай, жаңбыр: 7 мамырға арналған ауа райы болжамы

06.05.2025

Қазақстанда тұрақсыз ауа райы сақталады

05.05.2025
MalimBlocks
Алдағы үш күнде 44 градусқа дейін ыстық болады

Ауа температурасы бірте-бірте көтеріледі

Алдағы күндері күн күркіреп, жаңбыр жауады

Синоптиктер ауа райы болжамын ұсынды

8, 9 және 10 мамырға арналған ауа райы болжамы жарияланды

Найзағай, жаңбыр: 7 мамырға арналған ауа райы болжамы

Қазақстанда тұрақсыз ауа райы сақталады