Астық қазанның соңына дейін қамбаға түседі

  • 22.10.2021

Алтын күз десе, жапырақтардың сарғайғаны ғана емес, сап-сары егіс алқабы алдымен көзге елестейді. Әсіресе, бұл сезім жер еміп өскен жиқан ауылында дүниеге келген буынның бәсірелі мінезі. Расында, күз келген сайын өз қамбаңды ғана емес, өзгенің астық қоймасына да бір үңіліп қоятының болады. Оның себебі – елде бар ауызға тиеді деген қағидадан шығады. Астық шаруашылығы Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласындағы жетекші роль атқаратыны белгілі. Бір кездері Совет үкіметіне аты шыққан, әлем таныған, талай рекорд тіркелген астықты өлке Қазақстан биыл қандай жетістікке жетті? Қанша астық бастырды?

Бұл сұраққа жауап берерден бұрын осыдан біраз жыл бұрынғы қиын-қыстау кезеңдерді аттап өте алмаймыз. Көктемде миллиондаған гектарға астық егілгені айтылады. Бәрекелді дейсіз. Бірақ, күзде соны малтығып жинай алмай, ақыры, қар астында қалып, үсіп кетіп, ысырап болап та жататын. Қазір, шүкіршілік, ондайды көп естімейтін болдық. Мұның өзі ауыл шаруашылығын ел экономикасының жетекші тірегі ретінде есептейтін мемлекеттік саясаттың шаруаларға деген қамқорлығының арқасы деуге болады.  

Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі биылғы астық көлемі туралы ақпаратты жариялады. Онда жалпы көлемі 16,1 миллион тонна астыұ бастырылғаны айтылған. Юір айта кетерлігі, бұл соңғы көрсеткіш емес. 22 қазандағы көрсеткіш бойынша берілген мәлімет.

«Ағымдағы жылғы 22 қазандағы жағдай бойынша, 15,8 млн га дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар немесе жалпы жинау алаңының 99,7% жиналды. Орташа өнімділік гектарына 10,2 центнерді құрап, 16,1 млн тонна өнім бастырылды, оның 11,8 млн тоннасы бидай. Сондай – ақ 1,6 млн тонна майлы дақылдар, 3,8 млн тонна картоп, 4,6 млн тонна көкөніс дақылдары, 2,6 млн тонна бақша дақылдары жиналды», делінген ведомство таратқан ақпаратта.

Қазақстанның астықты өңірі – солтүстік жақ екені дау туғызбайды. Соның ішінде көшбасшы өңірлер - Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында 11,6 миллион гектар жиналып, 10,1 миллион астыұ бастырылған. Ерекше ескеруге тұратын мәселе – бұл осы үш өңірдің жинау алаңын 100 пайыз игергені. Демек, ысырап жоқ деген сөз.  Орташа өнімділік те ойдағыдай - 8,8 центрді құрапты.

Ендігі мәселе бұл науқанды ойдағыдай өткізу үшін қандай қосымша жұмыстар атқарылды? Бұл әрине дизель отынының тапшылығын болдырмау. Бұл тұрғыда:

Егін жинау жұмыстарын уақытылы жүргізу үшін АШТӨ-ге 396,5 мың тонна жеңілдетілген дизель отыны бөлінді. Энергетика министрлігімен бірлесіп, облыс операторларын МӨЗ-ге бекіту кестесі бекітілді. 2021 жылғы 22 қазандағы жағдай бойынша шілде-қазан айларының кестесіндегі 396,5 мың тоннаның 370,1 мың тоннасы (93%) тиелді. Республикадағы астық сақтаудың жалпы сыйымдылығы 29,4 млн тоннаны құрайды, оның ішінде астық қабылдау кәсіпорындары 12,8 млн тонна, ауыл шаруашылығы өндірушілері 16,6 млн тонна. 15 қазандағы жағдай бойынша 3,5 млн тонна астық сақтауға жөнелтілген».

Министрлік өкілдерінің хабарлауынша, егін жинау науқаны болжанған уақытта, көлемі күткен деңгейде мәреге жеткен. Дақыл сапасы да жоғары сұрыпты деп отыр. Қазір өзге жылырақ өңірлердегі астық қазан айының соңына дейін қамбаға түсуге тиіс.

Байланысты жаналықтар

Қазақстанда ақша айырбастау ережелері өзгерді

21.02.2025

Елімізде зейнетақы мен жалақы өседі

21.02.2025

Бюджетке 135 млрд теңге қайтарылды: Президент Әлихан Смайыловты қабылдады

21.02.2025

Үкімет өнеркәсіп қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қандай жұмыс атқарады?

21.02.2025

Доллардың бүгінгі бағасы белгілі болды

21.02.2025

«Алматы көшбасында». Қазақстан азаматтары айыппұл төлеуден рекорд жаңартты

21.02.2025
MalimBlocks
Қазақстанда ақша айырбастау ережелері өзгерді

Елімізде зейнетақы мен жалақы өседі

Бюджетке 135 млрд теңге қайтарылды: Президент Әлихан Смайыловты қабылдады

Үкімет өнеркәсіп қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қандай жұмыс атқарады?

Кеңеске еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, сондай-ақ цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлері қатысты

Доллардың бүгінгі бағасы белгілі болды

«Алматы көшбасында». Қазақстан азаматтары айыппұл төлеуден рекорд жаңартты