457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Бизнес өкілдері жаңа Салық кодексіне қарсы петиция жариялады

Қазақстанда жаңа Салық кодексіне қатысты петиция жарияланды, деп хабарлайды Malim.kz.

Петиция авторлары – елдің бизнес өкілдері мен азаматтық қоғам – Үкіметке, Парламентке, Қаржы министрлігіне қарасты Мемлекеттік кірістер комитетіне және «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасына жүгініп, Салық кодексінің 286-бабының 16-тармағын (тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алу кезінде арнайы салық режимін қолданатын тұлғалардан алынған шығындарды шегеру тәртібі) қайта қарауды сұрады.

Құжатта аталған тармақ іс жүзінде жеңілдетілген декларация негізіндегі арнайы салық режимін (АСР) қолданатын кәсіпкерлермен мәмілелер бойынша компаниялардың шығындарын мойындау мүмкіндігін алып тастайтыны айтылған.

Петиция авторларының пікірінше, егер бұл тармақ қайта қаралмаса, келесі теріс салдарға әкелуі мүмкін:

Контрагенттерді таңдауда шектеу – компаниялар жеңілдетілген салық режиміндегі шағын және орта бизнес өкілдерімен жұмыс істеуден бас тартуға мәжбүр болады;

Бағаның өсуі мен нарықтың монополизациясы – жеткізушілер санының жасанды түрде азаюы тауарлар мен қызметтердің қымбаттауына алып келеді;

Реформаға деген сенімнің төмендеуі – бизнес мұны шағын кәсіпкерлікті кемсіту және салық жүктемесін тұтынушыларға аудару деп қабылдайды;

Салық базасының қысқаруы – шағын кәсіпорындар клиенттерін жоғалтып, көлеңкелі экономикаға кетуі немесе қызметін тоқтатуы мүмкін.

Петиция Ұлттық экономика министрлігіне жолданған және қазіргі уақытта мемлекеттік ePetition порталында модерациядан өтіп жатыр.

Фото: pixabay