Бүгінгі валюта бағамы

Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 518 — 524 теңгеден саудаланып жатыр.
Ұлттық банктің 23 маусымға ұсынған ресми бағамы — бір долларға 521,57 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 6,65 теңге. Еуро — 601,01
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 521 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы —519 теңге. Еуро сатып алу бағамы — 598 сату құны — 603.
Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 524 теңге, сатып алу құны — 518 теңге. Еуро 598 теңгеден сатып алынып, 605 теңгеден сатылып жатыр.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 6,49— 6,70 аралығында саудаланып жатыр.
Айта кетейік, 20 маусым күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 1,92 теңгеге қымбаттап, 521,57 теңге болған.
Фото: pixabay.com


Ең көп оқылған
