Доллар мен еуроның бүгінгі бағамы қандай?

Астана мен Алматы ақша айырбастау орындарында шетелдік валюта бағамы ұсынылды.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде:
- доллар: сатып алу - 541,58 теңге, сату - 543,53 теңге;
- еуро: сатып алу - 635,72 теңге, сату - 639,81 теңге;
- рубль 6,39 - 6,51 теңге аралығында саудаланады.
- юань 76,13-78,80 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Елорданың ақша айырбастау пункттерінде:
- доллар 539,48 теңгеден сатып алынады, 544,51 теңгеден сатылады;
- еуро: сатып алу - 633,59 теңге, сату - 641,61 теңге;
- рубль: сатып алу - 6,35 теңге, сату - 6,55 теңге.
- юань 77,23 теңгеден сатып алынады, 81,37 теңгеден сатылады;
Еске салайық, өткер апта аяғында күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 0,09 теңгеге арзандап, 541,19 теңге болды.
Фото: pexels