Елімізде доллар тағы да қымбаттады

Қазақстан қор биржасында (KASE) 2025 жылғы 15 шілдеде сағат 15:30-да шетел валюталары бойынша күндізгі сауда-саттық жабылды, деп хабарлайды Malim.kz.
Сауда-саттықтың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы тағы 1,5 теңгеге қымбаттап, 525,87 теңге болды.
Рубльдің орташа сараланған бағамы 6,74 теңгеге дейін көтерілді (+0,04).
Таңертеңгілік саудада қытай юанінің орташа сараланған бағамы 73,10 теңгені (+0,01) құрады.
Ақша айырбастау орындарында доллар 525,7-528 теңге, еуро 613-617 теңге, рубль 6,61-6,73 теңге аралығында сатылуда.
Фото: Malim.kz

Ең көп оқылған
