Еліміздегі 7 футбол клубы сатылымға шығарылмақ

Арман Қайыпхан

  • 28.03.2025

Қазақстандағы 7 футбол клубын жекешелендіру ұсынылды, деп хабарлайды Malim.kz.

Бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев футбол клубтары өздігінен табыс табуы керек екенін, тек мемлекеттік бюджетке сүйенбеуі қажет екенін мәлімдеген болатын.

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі жекешелендіруге ұсынылатын квазимемлекеттік сектор нысандарының тізімін жасады. Бұл тізімге жеті футбол клубы, яни «Астана», «Атырау», «Ордабасы», «Тұран», КГП «Шахтер», «Каспий» және АҚ «Шахтер» кірді.

Жалпы тізімде 461 нысан бар:

Отын-энергетикалық кешені – 200;

Өнеркәсіп және индустрия – 20;

Ауыл шаруашылығы кешені – 147;

БАҚ, көлік және байланыс – 14;

Әлеуметтік сала – 76;

Қаржы нарығы – 4;

Білім беру – 8 нысан.

«Қалыптастырылған кәсіпорындар пулын Жоғары реформалар кеңесіне жібереді, содан кейін оларды Жекешелендірудің кешенді жоспарына енгізеді. Бұл жұмыстың аяқталуы 2028 жылдың соңына дейін жекешелендіру барысын бақылау болмақ», – деп мәлімдеді Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Төрағасы Марат Омаров.

Фото: pixabay.com

Байланысты жаналықтар

Қазақстан гимнастшылары Азия чемпионатында алтын жеңіп алды

17.05.2025

Қазақстан құрамасы пара дзюдодан Әлем чемпионы атанды

15.05.2025

Құмар ойынның түрі: Ауғанстанда шахматқа тыйым салынды

12.05.2025

Қазақстан құрамасы ескек есуден Азия чемпионатында 12 медаль алды

11.05.2025

Қазақстан хоккейден әлем чемпионатын жеңістен бастады

10.05.2025

Тоқаев Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирін тамашалады

10.05.2025
MalimBlocks
Қазақстан гимнастшылары Азия чемпионатында алтын жеңіп алды

Қазақстан құрамасы пара дзюдодан Әлем чемпионы атанды

Құмар ойынның түрі: Ауғанстанда шахматқа тыйым салынды

Қазақстан құрамасы ескек есуден Азия чемпионатында 12 медаль алды

Медальдар кестесінде екінші орынға тұрақтады

Қазақстан хоккейден әлем чемпионатын жеңістен бастады

Тоқаев Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирін тамашалады