457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Мамырда Ұлттық банк Ұлттық қордан 988 млн доллар сатқан

Ұлттық банк мамырда Ұлттық қордан  988 млн доллар сатқан. Бұл сәуір айының көрсеткішінен 20 млн доллар көп.

Мамырда Ұлттық қордан 988 млн АҚШ долларына валюта сатылды. Бұл республикалық бюджетке трансферт бөлуді қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Ұлттық қордан сату үлесі жалпы сауда-саттық көлемінің 22%-ын немесе күніне шамамен 52 млн АҚШ долларын құрады, - деп жазады Ұлттық банктің ресми сайты.

Ал маусым айында Ұлттық қордан тағы 800 млн доллар сатылуы мүмкін. Үкімет Ұлттық банкке республикалық бюджетке трансферт бөлу үшін 700-800 млн доллар көлемінде валюта сату туралы өтінім берген. 

Сондай-ақ Ұлттық банк ішкі нарықтан Ұлттық қорға жинақталған доллармен 213 млрд теңге сатып алып, бюджет шығыстарына бағыттаған (айналау операциясы – ред.). Маусым айында да дәл осындай көлемде айналау операциясын орындамақ. 

Ұлттық Банк БЖЗҚ-дағы зейнетақы активтерінің валюталық үлесін 40% деңгейінде ұстап тұру үшін мамырда биржадан жалпы сомасы 250 млн доллар сатып алды. Осы мақсатта маусым айында валюта сатып алу көлемі 250 млн доллардан аспайды, - деп жазады Ұлттық банк мамандары.

Фото: nationalbank.kz