457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Ұлттық банк төрағасы теңге бағамына қатысты маңызды мәлімдеме жасады

Қазақстан Ұлттық банкінің төрағасы Тимур Сүлейменов теңге бағамының өзгеру себептері туралы өзінің  Facebook-парақшасында жазды, деп хабарлайды Malim.kz.

Тимур Сүлейменов 2015 жылдан бастап Қазақстан инфляциялық таргеттеу және еркін өзгермелі айырбас бағамы режиміне өткенін еске салды.

"Бұл икемді, заманауи және орнықты экономикалық модельге жасалған маңызды қадам болды. Қазір теңге бағамы валюта нарығындағы сұраныс пен ұсынысқа байланысты қалыптасады, сондай-ақ ішкі және сыртқы экономикалық факторлардың, нарықтық үдерістердің көрінісі болып табылады. Бұрынғыдай мемлекеттің бағамды әкімшілік жолмен белгілеуі теңгенің күрт әрі бір сәттік девальвациясына алып келетін", – деп жазды Ұлттық банк басшысы 2025 жылғы 25 шілдеде Facebook парақшасында.

Бағамға неге қысым түсіп жатыр?
Сүлейменовтің айтуынша, қазір экономикаға құйылып жатқан фискалдық қаражат көлемі ұлғайған. Ақша массасы бір жыл ішінде 18%-ға өскен. Алайда ішкі өндіріс бұл өсімге ілесе алмай отыр.

"Экономикаға түсетін қаражат көлемі ішкі өндірістен жылдамырақ өссе, импорт артады. Биыл инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобаларға айтарлықтай шығындар қарастырылған. Бұл ауқымды келісімшарттарға және импорттық құрал-жабдық, техника, қосалқы бөлшектер сатып алуға әкеліп отыр. Соның нәтижесінде шетел валютасына сұраныс артып, теңге бағамына қысым түсуде", – деді Ұлттық банк төрағасы.

Оның айтуынша, болашақта отандық өндіріс ақша массасына сәйкес өсіп, теңгерімге келеді. Бірақ оған уақыт қажет.

"Қазіргі жағдайда экономиканың импортқа жүгінуіне тура келіп отыр", – деп қорытындылады Сүлейменов.

Фото: ҚР Ұлттық банкі