Ақша айырбастау пунктерінде доллар қымбаттады

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы қымбаттады.
Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 1,46 теңгеге қымбаттап, 538,20 теңге болды. Ұлттық банктің 10 қыркүйекке ресми бағамы – 536,76 теңге.
Kurs.kz мәліметіне сәйкес, Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 538,02 теңгеден сатып алынады, 539,85 теңгеден сатылады. Еуро 628,81–632,97 теңге, ал рубль 6,24-6,40 теңге аралығында саудаланады.
Елорданың ақша айырбастау орындарында:
– доллар 537,00 теңгеден сатып алынады, 542,00 теңгеден сатылады;
– еуро: сатып алу – 627,79 теңге, сату – 636,15 теңге;
– рубль: сатып алу – 6,25 теңге, сату – 6,45 теңге.
Шымкенттің ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 537,63 теңгеден сатып алынады, 540,63 теңгеден сатылады. Еуро 626,50 – 631,33 теңге, ал рубль 6,28 – 6,41 теңге аралығында саудаланады.
Еске салайық, 9 қыркүйектегі күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 1,67 теңгеге өсіп, 536,76 теңге болды.
Фото: freepik.com