Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы төмендеді

Қабылдаған шаралардың нәтижесінде дефляцияның орташа индексі 99,8 пайыз болды.

Берік Дәулетов

  • 26.07.2024

Елімізде 8 жылда алғаш рет әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы төмендеп жатыр, деп хабарлайды Malim.kz.

2016 жылдан бастап Қазақстанда алғаш рет әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына (ӘМАТ) баға индексі төмендеді. Қабылдаған шаралардың нәтижесінде дефляцияның орташа индексі 99,8 пайыз болды.

Бағаның маусымдық ауытқуын болдырмау үшін нарыққа 160 мың тоннадан астам көкөніс өнімі жеткізілді. Сондай-ақ, жұмыртқа өндірушілер одағымен жыл соңына дейін жұмыртқа бағасын белгілеу туралы келісімге қол қойылды, бұл нарықтағы баға демпингінің алдын алады. Отандық қайта өңдеу кәсіпорындарын шикізатпен қамтамасыз ету үшін күнбағыс тұқымын әкетуге экспорттық кедендік баж енгізілді, - делінген хабаралмада.

ӘМАТ-тың "электронды айнасына" айналатын тауарларды қадағалаудың ұлттық жүйесі пилоттық режимде жұмыс істейді. Оны 58 тауар позициясынан тұратын барлық азық-түлік себетін кеңейтуге қолдану жоспарланып отыр.

Фото: интернеттен

Байланысты жаналықтар

Сарапшы: мектептер ерекше балаларды қабылдауға дайын емес

19.05.2025

Қазақстан ана өлімін айтарлықтай тез төмендеткен он елдің қатарына кірді

19.05.2025

Орталық Азия: Геосаяси жағдайдағы Қазақстанның рөлі

19.05.2025

Германияда қолтырауынның басын сақтаған қазақстандық ұсталды

18.05.2025

Қазақстан алғаш рет күнбағыс майының үздік 10 экспорттаушысы қатарына енді

15.05.2025

Қазақстанда толық автономды ЖИ жүйелеріне тыйым салынады

14.05.2025
MalimBlocks
Сарапшы: мектептер ерекше балаларды қабылдауға дайын емес

Қазақстан ана өлімін айтарлықтай тез төмендеткен он елдің қатарына кірді

Орталық Азия: Геосаяси жағдайдағы Қазақстанның рөлі

Шетелдік капитал иелері алдымен Қазақстанның соңғы жылдардағы сыртқы іскерлік байланыстарына назар аударады

Германияда қолтырауынның басын сақтаған қазақстандық ұсталды

Қазақстан алғаш рет күнбағыс майының үздік 10 экспорттаушысы қатарына енді

Қазақстанда толық автономды ЖИ жүйелеріне тыйым салынады

Бұдан бөлек, жоба жасанды интеллектті пайдаланудың кейбір түріне де тыйым салады