457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Қазақстанда сұйытылған мұнай газының экспортталуына тыйым ұзартылды

Сұйытылған газды елден шығаруға салынған шектеу тағы 6 айға созылды, деп хабарлайды Malim.kz.

Бұл шешім сыртқы сауда және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысында қабылданды.

Тыйым автомобиль және теміржол көлігі арқылы газ шығаруға да қолданылады.

«Бұл шара ішкі сұранысты қамтамасыз етуге бағытталған. Себебі сұйытылған газды отын ретінде пайдаланатын көлік саны артып келеді, әрі бұл өнім әлеуметтік маңызы бар тауар саналады», – деп түсіндірді үкімет.

Сонымен қатар алты айға ірі қара малдың бұқашықтарын, оның ішінде ЕАЭО елдеріне жеткізуді де шектеу сақталды. Ал ұсақ мал – тоқты экспорттауға қойылған 120 мың басқа дейінгі квота өз күшінде қалды.

Фото: Үкімет