Жоғары аудиторлық палата АШМ-да тиімсіз пайдаланған қаржыны арнықтады

Malim Админ

  • 11.12.2024

2022-2023 жылдар аралығындағы талданған кезеңде аудит арқылы 943 млрд теңге қамтылды. Ал қаржылық бұзушылықтар 2 млрд теңге мөлшерінде анықталды. Бұл жалпы соманың 0,2%. Осы арқылы субсидиялау жүйесінің жалпы қалыпты жұмыс істеп тұрғанын көруге болады. Қаржылық бұзушылықтар бойынша қаражат толықтай қалпына келтірілді.

Жоғарғы аудиторлық палатаның ауыл шаруашылығы кешенінде 142 млрд теңге субсидия тиімсіз пайдаланылды деген қорытындысына байланысты, бұл қаражаттың құс етін өндіру шығындарын арзандатуға, ірі қара мал (ІҚМ) мен ұсақ мал (ҰМ) аналық басына селекциялық-асылдандыру жұмыстарына және сақтандыру субсидиясына жұмсалғанын, олардың тиімділігін дәлелдегенін хабарлаймыз.

Құс еті бойынша:
Аудиторлар 2022-2023 жылдары құс етін өндіру шығындарын арзандатуға бөлінген 34 млрд теңгенің тұтынушылар үшін өнім құнының төмендеуі мен ішкі нарық қажеттілігін қамтамасыз етуге экономикалық әсері болмағанын атап өтті.
Алайда субсидиялар құс етін өндіру шығындарын төмендету, яғни импорттаушылар басымдыққа ие нарықта бәсекеге қабілеттілікті арттыру үшін беріледі.

Қазақстандық өндірушілердің барлық сауда желілерінде, нарықтарда болуы – қазақстандық өнім үлесінің артып келе жатқанын және субсидиялардың тиімділігін көрсетеді. Соңғы 5 жылда импортқа тәуелділік 18%-ға төмендеді, 2023 жылдың қорытындысы бойынша ішкі нарықты қамту 73%-ды құрады, ал өндіріс өсімі бір жылда (2022-2023 жж.) 16%-ға жетті. Сонымен қатар қазақстандықтар мұздатылған тауық етін азайтып, жаңа салқындатылған құс етін тұтынуға көбірек көшті. Биыл (9 айдың қорытындысы бойынша) Қазақстан құс етін 10 мың тоннаға аз импорттап, 10 мың тоннаға көп экспорттады. Бұл саланың біртіндеп дамып, Қазақстанның азық-түлік қауіпсіздігі күшейіп жатқанын көрсетеді.

ІҚМ мен ҰМ аналық басына селекциялық-асылдандыру жұмыстары бойынша:
Бұл субсидия түрі жылдар бойы малдың орташа тірі салмағының артуына ықпал етті. Мысалы, ІҚМ-ның орташа тірі салмағы 380-400 кг болса, субсидия алатын ұйымдасқан шаруашылықтарда бұл көрсеткіш 500+ кг-ға жетеді. Субсидия енгізілмей тұрып, бұл көрсеткіш 240-260 кг шамасында болған. Бұл өсім айқын.

Бұл субсидия жылдар бойы асыл тұқымды малға сұраныс тудырып, ет шаруашылығы өндірісінің бүкіл тізбегін дамытуға серпін берді. Асылдандыру субсидиялары – ең кең таралған мемлекеттік қолдау түрі, оны негізінен ұсақ шаруа қожалықтары, яғни 20 мыңнан астам шаруашылық алады. 2022-2023 жылдары бұл бағытқа жалпы 66 млрд теңге жұмсалды.

Ауыл шаруашылығы сақтандыруы бойынша:
Сақтандыру субсидиялары тиімсіз деп танылды, өйткені бюджет қаражаты шоттарда болған, сондай-ақ қалдықтар бар. Бірақ сақтандыруды субсидиялау шығындарды өтеу емес, олардың бір бөлігін қаржыландыру принципіне негізделген. Сондықтан қаражат шоттарда болуы керек, ал сақтандыру компаниялары осы қаржыға сүйенеді. Бұрын бөлінген қаражат (қалдықтар) 2024 жылы толық игерілді. 2024 жылы шамамен 0,5 млн гектар сақтандырылды, ал фермерлердің өтініштері бұдан 3 есе артық болды (1,5 млн гектар). 2025 жылы сақтандыру сыйақыларын субсидиялауға 10 млрд теңге қажет, бұл егістік жерлердің 20%-ын сақтандырумен қамтуға мүмкіндік береді.

«Жоқ фермерлер» туралы:
Субсидия алған шаруашылықтар АӨК қызметіне жатпайтын ЭҚЖЖ көрсеткен деп болжанған. Алайда өсімдік шаруашылығы өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялау ережелеріне сәйкес, ЭҚЖЖ көрсету талабы жоқ. Өсімдік шаруашылығы саласында субсидия алудың негізгі шарттарының бірі – ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесінің болуы. Яғни ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесі осындай шаруашылықтың осы жерлерде қызмет ету құқығын растайды.

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің жоқтығы туралы айыптар (40 субъект бойынша) жер ресурстарын басқару комитетінің мәліметтерімен расталмады. Аудиторлық есепте көрсетілген тұлғаларда «шаруа қожалығын жүргізу» немесе «тауарлы ауыл шаруашылығын жүргізу» мақсатындағы ауыл шаруашылығы жерлері тіркелген.

Субсидиялау механизмі:
АӨК субсидиялау шығындарды өтеу принципіне негізделген. Яғни фермер алдымен шығындарды өзі төлейді, содан кейін субсидия түрінде өтемақы алады.

Фото: gov.kz 
 

Байланысты жаналықтар

АШМ балық шабақтары қалай құтқарылып жатқанын көрсетті (ВИДЕО)

20.10.2024

Тоқаев Ауыл шаруашылығы министріне бірқатар тапсырма берді

14.10.2024

Аудиторлық палата: Экология мен инновацияға аз қаржы бөлінеді

19.09.2024

Жамбыл облысында биылдыққа 79 мың га жер мемлекетке қайтарылған

07.09.2024

Алматы облысында сібір жарасы бойынша карантин жарияланды

05.09.2024

Жоғары аудиторлық палата: Қазақстанға әкелінетін медициналық техниканың бағасын бақылау күшейтілді

13.08.2024
MalimBlocks
АШМ балық шабақтары қалай құтқарылып жатқанын көрсетті (ВИДЕО)

Биыл маусымнан бері 120 млн-нан астам шабақ құтқарылған

Тоқаев Ауыл шаруашылығы министріне бірқатар тапсырма берді

Аудиторлық палата: Экология мен инновацияға аз қаржы бөлінеді

Бұл мемлекеттік аудит қорытындысынан белгілі болды

Жамбыл облысында биылдыққа 79 мың га жер мемлекетке қайтарылған

АШМ облыста 64 жер заңнамасының бұзылуын анықтады

Алматы облысында сібір жарасы бойынша карантин жарияланды

Бактериологиялық зерттеулердің нәтижелері белгілі болды

Жоғары аудиторлық палата: Қазақстанға әкелінетін медициналық техниканың бағасын бақылау күшейтілді

Жоғары аудиторлық палатаның нұсқамасын орындау шеңберінде Қазақстанда сатып алынатын медициналық технологиялық жабдықтың құнын бақылау күшейтілді.