АШМ балық шабақтары қалай құтқарылып жатқанын көрсетті (ВИДЕО)

Биыл маусымнан бері 120 млн-нан астам шабақ құтқарылған

Мәди Саматұлы

  • 20.10.2024

Балық шаруашылығы комитетінің Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы 2024 жылғы 17 қазанда әлеуметтік желілерге мониторингті жүзеге асыру барысында «Атырау – Тандай-Х.Ерғалиев» автомобиль трассасы жанындағы бөлшектенген су айдындарында балықтардың қырылу қаупі жөнінде ақпарат анықтаған, деп хабарлайды Malim.kz.

Инспекция қызметкерлері болжамды жерге жедел шығып, Атырау облысының Бақсай ауылдық округі өкілдері және жергілікті ауыл тұрғындарымен бірлесіп, балық шабақтарын құтқару жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде 120 000 дана шабақ құтқарылып, Жайық өзеніне тірі күйінде жіберілді. 18 қазандағы жағдай бойынша балық шабақтарын құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.

Жалпы, 2024 жылдың маусымынан бастап бөлшектенген су айдындарынан – 121 293 095 дана шабақ құтқарылған. Оның ішінде Атырау облысында – 95 043 095 дана, Батыс Қазақстан облысында – 26 250 000 дана.

Фото: АШМ

Байланысты жаналықтар

Атырауда блогер алаяқтық жасады деген күдікке ілінді

18.05.2025

Жайыққа батып кеткен 18 жастағы дзюдошы 4 күннен бері табылмай жатыр

07.05.2025

Атырауда 17 жастағы дзюдошы суға батып кетті

04.05.2025

Атырауда NCOC-тың бөлім басшысы өлі табылды

30.04.2025

Атырауда жүкті әйелдің өліміне қатысты тергеу басталды

29.04.2025

Атырауда RAMS құрылыс алаңында өрт шықты

24.04.2025
MalimBlocks