457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Елімізде бетті тұмшалайтын киімге тыйым салынбақ

Бұл талап Қазақстан заңдарын орындау қажеттілігі туындаған жағдайларды қоспағанда қолданылады, - деп хабарлайды Malim.kz.  


«Құқықбұзушылықтардың алдын алу туралы» заңға қоғамдық орындарда бет-әлпетті тануға кедергі келтіретін киім-кешек киюге тыйым салатын түзету енгізу ұсынылды. Бұл ұсыныс Сенатта өткен жұмыс тобының отырысында айтылды. .

Бүгін Сенатта Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитеті жұмыс тобының отырысы өтуде.

«Құқықбұзушылықтардың алдын алу туралы» заңға енгізілетін түзетулерге сәйкес, қоғамдық орындарда адамның бет-жүзін тануға кедергі келтіретін киім киюге тыйым салынбақ. Алайда бұл тыйым Қазақстан заңдарының талаптарын орындау, қызметтік (лауазымдық, еңбек) міндеттерді атқару, медициналық мақсаттар, азаматтық қорғаныс, ауа райының қолайсыздығы, сондай-ақ спорттық, спорттық-бұқаралық және мәдени-көпшілік іс-шараларға тікелей қатысушылар үшін қолданылмайды.

Фото: Pixabay.com