Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Онлайн тойға ақша жинаған Сәкен Майғазиев салық төлей ме?

Құқық
Онлайн тойға ақша жинаған Сәкен Майғазиев  салық төлей ме?

Әнші Сәкен Майғазиев ұлының тойын онлайн көрсету үшін ақша жинайтынын айтып, сынның астында қалған еді. Жиналған ақшадан ол салық төлеуі керек пе?


Осыған орай Tengrinews.kz қойған сауалға Мемлекеттік кіріс комитеті былай деп жауап берген:

Қарастырылып отырған жағдайда онлайн іс-шараға (онлайн тойға) қатыстыру үшін 1 380 теңге алу – табыс табуға бағытталған кәсіпкерлік қызмет. Егер іс-шараны ұйымдастырушы жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға ретінде тіркелген болса, ол алған кірісін декларациялауға және табыс салығын төлеуге міндетті.

Демек шағын бизнес үшін арнайы салық режимі қолданылса, кірістің 3 пайызын төлеу керек. Қарапайым жеке кәсіпкер үшін – 10 пайыз, ал заңды тұлғалар үшін – 20 пайыз.

Фото: Stan.kz 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу