Оралда автобус жүргізушілері наразылық білдірді

Еңбек демалысына уақтылы шығармай, зейнетақы қорына қаржы дер кезінде аударылмаған

Malim Админ

  • 08.01.2025

Орал қаласының автобус жүргізушілері ереуілге шықты. Олар «Алый парус» ЖШС-де қызмет етеді. 


Жүргізушілер еңбек демалысына уақытылы шыға алмайтынын, сондай-ақ медициналық сақтандыруға, зейнетақы қорына қаржының дер кезінде аударылмауына наразылық білдірді.

Қала әкімдігінен алынған мәліметке қарағанда, таңғы рейс сағат 06.00-де басталса, кешкісін 21.00-де аяқталуға тиіс.

«Алый парус» ЖШС шаһардағы №3, №3к, №14, №17, №35, №38, №51, сондай-ақ қала маңындағы №55, №56 және №77 бағыт бойынша қызмет етеді.

Қалыптасқан мәселені шешу үшін сағат 09.00-де оқиға орнына қала әкімі Мұрат Байменов пен осы салаға жетекшілік ететін орынбасары Азамат Халелов келді.

Кәсіпорын басшылығымен бірге аталған бағыттар бойынша қатынайтын автобустар жүргізушілерімен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Қажетті шаралар алынғаннан кейін сағат 11.00-де мәселе шешіліп, автобустар тиісті бағыттарға оралды.

- Бұл бағыттарда 40 автобус қатынайды. Өткен жылдың 11 айында «Алый парус» ЖШС 898 млн теңге субсидияға өтінім берді. Соның ішінде 545 млн теңге төленді, бұл – сұралған қаржының 60 пайызы. Жүргізушілердің орташа айлық жалақысы – 390 мың теңге. Кәсіпорында 85 адам еңбек етеді, - деп хабарлады ведомстводан.

Фото: Gov.kz 

 

Байланысты жаналықтар

Экс-судья Светлана Жолманова сотқа келмей қойды

18.04.2025

Үйде оқитын 14 мүгедек бала жәрдемақы алмаған

17.04.2025

БҚО-да өзбекстандық 10 адам заңсыз жұмыс істеген

17.04.2025

Үкімет зиратқа арналған жер телімін сатқандарға айыппұл салады

16.04.2025

Астанада заңсыз жұмыс істеп тұрған майнинг анықталды

16.04.2025

Ресей азаматтары қайтадан қазақстандық ЖСН ала алады

15.04.2025
MalimBlocks
Экс-судья Светлана Жолманова сотқа келмей қойды

Алаяқтық бойынша айыпталған судьяның Бауыржан Байбектің әйелі екені айтылады

Үйде оқитын 14 мүгедек бала жәрдемақы алмаған

Өтемақының мөлшері оқу жылына 10 айлық есептік көрсеткіш

БҚО-да өзбекстандық 10 адам заңсыз жұмыс істеген

Олардың әрқайсысына 98 300 теңге әкімшілік айыппұл салынды

Үкімет зиратқа арналған жер телімін сатқандарға айыппұл салады

Қайтыс болған бір адамға 6 шаршы метр жер мемлекеттен тегін беріледі

Астанада заңсыз жұмыс істеп тұрған майнинг анықталды

Ресей азаматтары қайтадан қазақстандық ЖСН ала алады