Қазақстандық блогерлердің қаралым үшін берілетін монетизациясына салық салынады

Олар жыл сайын 15 қыркүйектен кешікпей кірісі мен мүлкі жайлы есеп беріп отыруға тиіс

Malim Админ

  • 09.02.2025

Қазақстандықтарға Youtube пен Instagram, Tiktok-тағы контенттің қаралымы үшін төленетін монетизацияға да салық салынады. Ал кәсіпкер ретінде тіркелмей, блогерлікті табыс көзіне айналдырғандар декларация тапсыруға міндетті. Олар жыл сайын 15 қыркүйектен кешікпей кірісі мен мүлкі жайлы есеп беріп отыруға тиіс. Бұл туралы Malim.kz 31-арнаға сілтеме жасап хабарлайды.   

 


Алматылық Павел Шамин – Youtube-тағы монетизациядан табыс табатын блогердің бірі. Айтуынша, қаралым үшін төленетін қаржы айтарлықтай көп емес. Сонау АҚШ-тан аударылатын ақша қолға тигенше платформа мен банк процесінде онсыз да комиссиялар ұсталады. Енді оған салық салынса, еш пайда жоқ дейді. Айтуынша, кәсіпкер емес блогерлерді декларацияға міндеттеу де орынсыз.

Кейбіреулерінде мысалы коммерциялық тапсырыстар, интеграциялар бар. Соның арқасында жақсы ақша алады. Ал монетизацияға Қазақстанға ең арзанын төлейді. Мың қаралымға 1 долларға да жетпейтін ақша береді. Енді ойлаңызшы өзіңіз, осы айда 100 мың, не 1 млн қаралым жинайсыз ба, жинамайсыз ба белгісіз ғой, – деді қазақстандық блогер Павел Шамин.

Мемлекеттік кірістер комитеті заңға сәйкес кез келген кіріске салық салынатынын хабарлап отыр. АҚШ не Еуропа аударса да, монетизациядан түскен табыстың 10%-ы қазынаға алынады.

Шетелдік компаниялар арқылы кіріс алған жағдайда да Қазақстанда салық төлеу қажет. Егер төлем Қазақстанда салық агенттері деп танылған платформалардың өкілдері арқылы жүзеге асырылса, салықты агент автоматты түрде ұстап, аударады, – деді Алматы қаласы МКД түсіндіру жұмысы және байланыс орталығының басқарма басшысы Айжан Бекеева.

Мемлекеттік кірістер комитетінің дерегінше, былтыр блогерлерден қазынаға 3 миллиард теңгеден астам қаражат түскен.

Фото: pixabay.com  

Байланысты жаналықтар

Фариза Төреәлі күйеуімен қалай танысқанын еске алды

14.04.2025

Лотерея ұйымдастырған блогерлерге қылмыстық іс қозғала ма?

10.04.2025

Елімізде енді ажырасу да қымбаттамақ

09.04.2025

Салық төлемейтін борышкерлердің тізімі жарияланады - Қаржы министрлігі

09.04.2025

Үкіметі құрылыс салушылар үшін салық жеңілдіктерін алып тастауды ұсынды

09.04.2025

Қазақстанда салық саны қысқарады

09.04.2025
MalimBlocks
Фариза Төреәлі күйеуімен қалай танысқанын еске алды

Блогер оның таза көңіліне ғашық болыпты.

Лотерея ұйымдастырған блогерлерге қылмыстық іс қозғала ма?

Қазақстанда кейбір блогерлерге қатысты тексерулер басталады

Елімізде енді ажырасу да қымбаттамақ

Салық төлемейтін борышкерлердің тізімі жарияланады - Қаржы министрлігі

Үкіметі құрылыс салушылар үшін салық жеңілдіктерін алып тастауды ұсынды

Үкімет мәліметінше, олар көбіне салық төлеуден жалтару үшін пайдаланылды

Қазақстанда салық саны қысқарады

Қазақстанда салық саны қысқарады. Бұл туралы еліміздің вице-премьері, ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді