Заңсыз лотерея ойнатқандар қалай жазаланады?

ҚР Бас прокуратурасы бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде көптеген азаматтардың қатысуымен өткізілетін ұтыстар туралы көптеп тарап жатқан жарнамаларды назарға алды, деп хабарлайды Malim.kz.
Құзырлы ведомство лотерея ұтысын лотерея операторлары ғана өткізе алатынын нақтылайды.
Лотерея операторы – уәкілетті мемлекеттік органнан тиісті рұқсаты бар лотерея өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға.
Лотереяны өткізу шарттарын Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігімен келісуге міндетті.
"Ресми операторлар болып табылмайтын және уәкілетті органнан рұқсат алмаған жеке тұлғалардың, сондай-ақ заңды тұлғалардың лотереялар өткізуіне қатаң тыйым салынады, - дейді ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі.
18 жасқа толған азаматтарға ғана қатысуға рұқсат етіледі.
"Заңға сәйкес, өкілеттігі бар оператор /таратушы(агент). Жүлде қорын лотерея операторы қалыптастырады. Жүлде қоры өткізілген лотерея билеттерінен түскен түсімнің кемінде 50%-нан, не өз қаражаты есебінен. Жүлде қорының құрамы мен мөлшері туралы барлық ақпарат ашық және қатысушыларға қолжетімді болуы керек, - деп мәлімдеді ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі.
Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы", "Жарнама туралы", Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес: ұсынылған тауарлар, сондай-ақ оның жарнамасы туралы ақпарат анық болуы тиіс.
"Лотереялар және лотерея қызметі туралы заңнаманы бұзу ҚР ӘҚБтК-нің 445-1-бабы бойынша 500-ден 2000 АЕК-ке дейін айыппұлды көздейді. Лотерея қызметін алаяқтық мақсатта пайдалану ҚК-нің 190-бабы бойынша 10 жыл бас бостандығынан айыруға дейін қылмыстық жауаптылықты көздейді, - деді ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі.
Фото: pixabay

Ең көп оқылған
