457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

1 млн теңге шайпұл алған алған даяшы көз жасын тыя алмады

Желіде шайпұл ретінде 1 000 000 теңге алған официант қыздың шынайы эмоциясы бейнеленген видео тарады, деп хабарлайды Malim.kz Baq.kz-ке сілтеме жасап.


Кафеде жұмыс істеп жүрген бойжеткенге келушілердің бірі миллион теңге көлемінде шайпұл қалдырған. Мұндай тосынсыйға сенер-сенбесін білмеген официант қыз қуаныштан көзіне жас алды. Оның шынайы әсерге толы сәті түсірілген видео көпшіліктің жүрегін елжіретті.

Жомарттық танытқан азаматтың Бақытбай есімді блогер екені белгілі болды. Ол бұл сәттің жалғасын кейін өз парақшасында жариялаған.

«Эмоция сыйлағым келді. Жақсылық қайтып келеді», - деп жазды ол.

Әлеуметтік желі қолданушылары оқиғаға түрліше пікір білдіріп жатыр. Бірі бұл әрекетті жомарттық деп бағаласа, енді бірі жақсылықты жария етпей, үнсіз жасау керек деген пікірде.

Кейбір қолданушылар бұл әрекетті жарнама немесе хайп үшін жасалған деп күмән келтірсе, видеоны қойылым деп есептегендер де табылды.

Ал тосынсыйға кенелген қыз өз парақшасында алғысын білдірді. 

Ақшаның бір бөлігін керегіме жұмсадым, қалғанын шетел валютасына айырбастап, болашаққа сақтап қойдым. Бұл мен үшін күтпеген, өмір бойы есте қалатын сыйлық болды, – деп жазды ол.

Фото: видеодан кадр