11 жастағы қызға азғындық жасамақ болған ер адам ұсталды

Түркістан қаласында болған оқиға қоғамда үлкен резонанс туындатты. Желіде жүргізілген эксперимент барысында кәмелетке толмаған қыз балаға жыныстық сипаттағы әрекет жасауға тырысқан ер адам анықталды.
Белсенділердің мәліметінше, instagram парақшадан «Адам Адамов» атты жалған аккаунт ашқан 2002 жылғы Жанарық ауылынан шыққан азамат кәмелетке толмаған қыз баламен интимдік байланыс орнатуға әрекеттенген. Кездесу кезінде күдікті азаматты белсенділер құқық қорғау органдарына тапсырды.
Бұл оқиға бойынша Түркістан облысы полиция департаменті ресми түсініктеме берді.
Аталған жайт 2024 жылғы 2 қазанда Түркістан қалалық полиция басқармасының ақпараттарды есепке алу кітабына тіркелді. Қазіргі таңда тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Оның қорытындысы бойынша құқықтық баға берілетін болады, - делінген ведомствоның ресми хабарламасында.
Фото: pixabay.com