Абай облысындағы жол апатынан зардап шеккен балаларға әскери ұшақ жіберілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Абай облысының Уржар ауданында орын алған жол-көлік апатынан зардап шеккен балаларға көмек көрсету үшін Қорғаныс министрлігінің С-295 әскери-көлік ұшағы жіберілді, деп хабарлайды Malim.kz.
Бортта реаниматолог, нейрохирург және травматологтан құралған арнайы медициналық бригада бар.
Қайғылы оқиға село Бестеректе болды. Алдын ала мәлімет бойынша, 55 жастағы Toyota автокөлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, үй қақпасының жанында, жолдан 10 метр қашықтықта тұрған балаларды қағып кеткен.
Оқиға салдарынан үш бала көз жұмып, тағы үшеуі ауруханаға жеткізілді.
Қазіргі уақытта тиісті органдар тергеу жүргізіп жатыр.
Фото: Қорғаныс министрлігі

Ең көп оқылған
