Ақмола облысында алты жасар бала бес күннен бері табылмай жатыр

Malim Админ

  • 05.05.2025

Ақмола облысында полицейлер мен еріктілер жоғалған алты жасар баланы іздеп жатыр. Бала 30 сәуірде үйден шығып кеткен, әлі күнге дейін қайда екені белгісіз, - деп хабарлайды Malim.kz.  

Ведомство мәліметінше, алты жасар бала жоғалғаны туралы арыз Қорғалжын ауданының полиция бөліміне 30 сәуірде түскен. Баланың анасы оның үйден сағат 19.00 шамасында шыққанын, содан оралмағанын айтқан.

"Алдын ала ақпаратқа сәйкес жоғалып кеткен күні баланы Нұра өзені маңында байқаған, осыдан кейін оның қайда екені белгісіз", - деді полиция.

Баланы іздеуге полицейлер, құтқарушылар, еріктілер және бей-жай қарамайтын жергілікті тұрғындар жұмылдырылған.

Баланың дене бітімі: арықтау келген, қара шашты, қоңыр көзді. Жоғалған күні ол қызғылт сары жемпір, қара шалбар және қоңыр кроссовка киген.

Жандәулеттің қайда екені туралы қандай да бір ақпарат болған жағдайда 102 нөмірі бойынша дереу хабарлауды немесе жақын маңдағы полиция бөліміне хабарласуды сұраймыз, - деді Ақмола облысы ПД өкілдері.

Баланы іздеу жалғасып жатыр.

Фото: Ақмола облысы ПД 

Байланысты жаналықтар

Полиция қашып кеткен пдеофилдерге қатысты пікір білдірді

26.04.2025

Өскеменде халықаралық іздеуде жүрген шетелдік азамат ұсталды

25.04.2025

Танымал саясаттанушы Екатерина Шульманға іздеу жарияланды

26.03.2025

Ақтауда із-түзсіз жоғалған ер адам 8 күннен бері іздестіріліп жатыр

24.03.2025

Арғын Нығматулин ісі бойынша жаңа мәлімет пайда болды

19.03.2025

Нығматулинді не үшін іздеп жатқаны белгілі болды

03.03.2025
MalimBlocks
Полиция қашып кеткен пдеофилдерге қатысты пікір білдірді

Өскеменде халықаралық іздеуде жүрген шетелдік азамат ұсталды

Танымал саясаттанушы Екатерина Шульманға іздеу жарияланды

Ресей Ішкі істер министрлігі ресейлік саясаттанушы, қазақстандық MNU университетінің оқытушысы Екатерина Шульманға іздеу жариялады

Ақтауда із-түзсіз жоғалған ер адам 8 күннен бері іздестіріліп жатыр

Ақтауда із-түзсіз жоғалған ер адам 8 күннен бері іздестіріліп жатыр. Ерлан Есмагамбетов Кендерлі демалыс базасы маңында жоғалып кеткен. Ер адамды іздеуге Lider.kz іздестіру-құтқару қозғалысының еріктілері қосылды,

Арғын Нығматулин ісі бойынша жаңа мәлімет пайда болды

Нығматулинді не үшін іздеп жатқаны белгілі болды